Аңдар мен адамдар туралы: Владимир Тюлькиннің ретроспективасы

06.08.2026
Кино
Целинный

Қазақстандық көрнекті документалистердің бірі қатарынан 40 жылға жуық уақыт бойы өз туындыларында адамды зерттейді. Төл құндылықтар жүйесін таңғаларлық дәлдікпен қалыптастырған адамдардың портреттері көрерменді кейіпкерлердің дүниенің құрылымы туралы радикалды көзқарастармен бетпе-бет қалдырады. NOMSIZ аясындағы ретроспектива үшін біз адам бойындағы қатыгездік пен мейірім жануарларға деген қарым-қатынасы арқылы ашылатын екі фильмді таңдадық.  


Владимир Тюлькин — қазақстандық режиссер және деректі кино сценарисі. ЛГИТМиК -те Д.Карасиктің шеберханасында білім алып, Г.Чухрайдың шеберханасындағы сценаристер мен режиссерлердің Жоғары курсын тәмамдаған. 1980-1990-шы жылдары белсенді жұмыс істеп, «Нөмір бірінші чемпион», «Шыбындар әміршісі», «Айқыш сынағы» сынды бір-біріне ұқсамайтын фильм-портреттер мен бақылаулар түсірген.


ШЫБЫНДАР ӘМІРШІСІ, 1991

«Шыбындар әміршісінің» бас кейіпкері — Қазақстандағы аты аталмайтын бір ауылдан шыққан, зейнет жасына таяған айрықша харизмасы бар ер адам. Ол бар бос уақытын «шыбын өсіруге» — шыбындарды көбейтіп, кейін оларды жоюға арнайды. Фильм барысында КСРО-ны бар жан-тәнімен жек көретін кейіпкердің болмысы өз утопиясы бар тиран ретінде ашылады. 

ИТТЕР ТУРАЛЫ ЕМЕС, 2010

«Иттер туралы емес» туындысында екі бас кейіпкер бар. Біреуі — соңғы тиын-тебеніне дейін үйіндегі 70-ке жуық итті бағуға жұмсайтын зейнеткер әйел. Екіншісі — нәпақа табу үшін қаңғыбас иттерді аулайтын орта жастағы ер адам. Діни мейірім мен цинизмге толы зұлымдықтың арасын тек монтаж бөліп тұр.

No items found.