«Жаңа музыка туралы» дәріс курсы

18.07.2026-23.08.2026
Дәріс
Целинный

Алты дәріс барысында қатысушылар еркін импровизация тарихы, белсенді тыңдау практикасы және эксперименталды орындаушылық, сондай-ақ импровизациялық музыканың негізгі өкілдері — Полин Оливерос, Джон Кейдж, Корнелиус Кардью, Энтони Брэкстон, Маурицио Кагель және басқалардың идеяларымен танысады. 

Дәріс циклінің бағдарламасы:

1. Ырғақтың болуы

Ырғақ тек музыкалық санат ретінде ғана емес, сондай-ақ уақыт, қозғалыс пен қабылдауды ұйымдастыру тәсілі ретінде де қарастырылады. Қатысушылар Балқан, Үндістан және Түркия музыкасы, заманауи джаз бен XX–XXI ғасырлардағы академиялық музыка арқылы ырғақты түсінудің әртүрлі тәсілдерін зерттейді.  

2. Графикалық партитуралар және балама нотация 

Дәріс музыканы жазудың стандартты емес тәсілдеріне арналады. Қатысушылар графикалық партитуралармен танысып, түс, форма және мәтін көмегімен музыка қалай жазылатынын біліп, оларды интерпретациялаудың әртүрлі тәсілдерін қарастырады. 

3. Қонақ: Виктор Хоменков. Импровизация практика ретінде

Шақырылған музыкант джаз бен заманауи музыкадыға еркін импровизация, ашық формалардың композициясы туралы әңгімелеп, өзінің орындаушылық практикасындағы тәжірибесін ортаға салады. 

4. Аспаптың материалдығы

Дәріс музыкалық аспаптардың физикалық табиғаты мен дыбыс шығарудың кеңейтілген техникаларына арналады. Қатысушылар Хельмут Лахенман, Джон Кейдж, Джордж Крамб, Кшиштоф Пендерецкий және басқа композиторлардың туындыларына назар салып, материал, конструкция және аспаппен өзара әрекеттесу тәсілдері дыбысталуға қалай әсер ететінін қарастырады.

5. Тыңдау практикасы I. Өз аспабын жасау

Қатысушылар әртүрлі заттардың дыбыстық қасиеттерін зерттеп, төл дыбыс палитраларын жасап, дыбыс шығарудың балама әдіс-тәсілдерімен эксперимент жасап көреді. Дәріс практикалық жұмыс пен қаладағы серуеннен тұрады. 

6. Тыңдау практикасы ІІ. Қоршаған орта музыкалық материал ретінде 

Қорытынды кездесу қала ортасын тыңдауға арналады. Қатысушылар айнала қоршаған дыбыстарды, оларды жазып алу және интерпретациялау тәсілдерін зерттеп, Оливье Мессиан, Джон Кейдж және Аннея Локвуд әдістерімен танысатын болады. 

Тілі: орысша

Ален Ли — алматылық зерттеуші, куратор және композитор-орындаушы. Оның практикасы ашық музыкалық импровизация, эксперименталды композиция және балама нотация тоғысында орын тепкен. Калифорния өнер институтының (CalArts) түлегі, ол импровизатор Тим Финиден (Dr. Tim Feeney) музыкалық теория мен композицияны оқыған, сондай-ақ Джо ЛаБарбера (Joe LaBarbera) мен Бенни Мопин (Bennie Maupin) жетекшілігімен джаз орындау өнерін меңгерген. Кейінгі жылдары Ален Қазақстанда qazaq indie супер-тобымен және өнерпаз-орындаушы Kokonja-мен өнер көрсетті. 

Қатысу құны:

Бір реттік қатысу — 4 000 теңге

Толық курс (6 дәріс) — 20 000 теңге

No items found.