Онлайн-платформалар көрмелердің гибридті формалары ретінде

Лекция
29.04.2020
Online

Дәріс не туралы: 

Сайттар, блогтар, әлеуметтік желілер, деректер базасы өзара байланыс пен коммуникацияның жаңа формасына айналып, жаңа визуал тіл мен концептуалды құрылымдар құрды. Көзге көрінетін қол жетімділік пен ашықтыққа қарамастан, интернет-ортасы еркіндіктің утопиялық кеңістігіне айналған жоқ. Ол қоғамдық құрылымның барлық “сырқатын” мұра етіп қана қоймай, сонымен қатар жаңа иерархиялық және тоталитарлық құрылымдарды тудырды. 

Онлайн-платформалардың техникалық мүмкіндіктерін ғана ойламай, олардың саяси астары туралы сұрақ қою керек! Суретші мен куратор онлайн платформаларды пайдалана отырып, қандай сыни әлеует жасай алады? Бұл жағдайда біз жаңа құрылымдар, байланыстар және қарым-қатынас саясаты туралы айтып отырмыз ба?

Көрме кеңістігін желіге көшіру нені қосады немесе алып тастайды?

Мазмұны:

  • көрермен, куратор, суретші позициясы және көрменің орнының өзгеруі;
  • тарихи нарратив: модернистер, жағдаятшылар, телематикалық өнер;
  • интернет өнердің даму кезеңдері әрі онлайн және офлайн арасындағы сұр аймаққа өту;
  • көрме тәжірибелері, дискурстар мен стратегиялардың пайда болған тұжырымдары - жаңа құрылыс, көрмелердің “арнайы қатыстылық теориясы”, желідегі аффектілер мен иммерсивтілік кеңістігі, процессуалдық және “баяу кураторлық”;
  • 2010 жылдан бастап онлайн платформалар базасында жүзеге асқан жобалар: жаңа визуал тілден анықталған аффективті күйді іздеуден саяси ым-ишара жасауға дейін.
No items found.