«Дене және кеңістік» ашық инклюзивті практикалар

Кез келген ниет еткен жандарды «Дене және кеңістік» ашық инклюзивті сабақтарға шақырамыз, бұл — біз перформативті практикалар көмегімен дене мен кеңістіктің байланысын нақты сәтте зерттейтін кездесулер сериясы. Әр сабақ — аталған зерттеу аспектілерінің бірін ашатын жеке-дара тәжірибе.
Практикалар «Действие буквально» инклюзивті театрымен бірге өтеді. Дайындық деңгейі мен жекелеген ерекшеліктеріне қарамастан, кез келген адам қатыса алады. Егер сізге ассистенция қажет болса, мұны тіркеу формасында көрсетуіңізді сұраймыз.
Сабақтар тегін. Әр сәрсенбі сайын сағат 12:00-де өтеді, ұзақтығы — 1,5 сағат.
Өтетін орны: «Целинный» заманауи мәдениет Орталығы, Алматы, Масаншы 59, 1 қабат, ORTA 1.
Сілтемеге өтіп, тіркеле аласыз.
Сабақтар кестесі
4 ақпан (сәрсенбі), 12:00 — «Жеке кеңістік және оның шекаралары» (1,5 сағат)
Жеке кеңістік шекараларымен байланысты жеке және ұжымдық тәжірибені зерттеу: оларды қалай анықтау керек және олармен жеке әрі басқалармен байланыс негізінде не істеу керек .
11 ақпан (сәрсенбі), 12:00 — «Дененің әдеткі паттерндері» (1,5 сағат)
Кеңістікпен байланыста өз денеміздің күнделікті паттерндерін зерттеу.
18 ақпан (сәрсенбі), 12:00 — «Кеңістіктің ым-ишараға өзгеруі» (1,5 сағат)
Дене мүмкіндіктері арқылы кеңістік географиясын перформативті зерттеу.
25 ақпан (сәрсенбі), 12:00 — «Дене мен кеңістік тіл ретінде» (1,5 сағат)
Перформативті құралдар арқылы дене мен кеңістіктің өзара байланыс мүмкіндіктерін зерттеу