«Өзен тіл қатқанда» жобасының ашық дәрістері

«Өзен тіл қатқанда» — климаттық әділдік оптикасы тұрғысынан Қазақстандағы су тасқынының адами және экологиялық салдарына арналған мультимедиялық арт- және зерттеу жобасы. Жоба пәнаралық диалог пен бірлескен жұмысқа кеңістік қалыптастырып, өнерпаздар, зерттеушілер, белсенділер мен экологиялық сарапшылардың басын қосады.
Бір апта бойы зертхана қатысушылары резиденция құрылымымен, сондай-ақ Алматыдағы топтық резиденциядағы ұжымдық жұмыс кезінде оларға көмектесетін әдіс-тәсілдер және құралдармен танысады. Аталған жоба аясында Целинныйда көпшілікке арналған екі ашық кездесу өтеді.
11 сәуір 16:00-де журналист Гүлім Әмірханованың «Оқиғаларды қалай көріп, тауып, жинауға болады: дала жағдайындағы визуалды және журналистік тәсілдер» атты уоркшобы өтеді. Кездесу дала жағдайында идея мен материалдарды қалай жинауға болады, бақылау және әңгіме арқылы кейіпкерді қалай табуға болады, визуалды және журналистік бақылау қалай жұмыс істейді және оқиғаны көруге қалай үйренуге болады сынды тақырыптарға арналады.
12 сәуір 16:00-де Нұрсұлтан Зиядаевтың «Жинақтау нүктесі: апат кезінде көмек қалай пайда болады» дәрісі өтеді. Дәріс Зиядаевтың 2024 жылы су тасқыны кезінде Құлсарыда гуманитарлық штаб ұйымдастыру туралы жеке тәжірибесіне негізделген. Әңгіме инфрақұрылым күйреген сәтте әрекет ету туралы шешім қабылдау нені білдіреді, горизонтал өзара көмек желілері қалай қалыптасады және олар неге көбіне институциялардан қарағанда шұғыл әрекет ететініне арналады. Басты назар климаттық апаттың адами өлшеміне; шығын сандары емес, нақты адамдар, шешімдер мен жауапкершілікке аударылады.
Жоба Tselinny Learning-пен коллаборация барысында өтеді. Екі кездесу де Алматыдағы Масаншы, 59 мекенжайында орналасқан Целинныйдың екінші қабаттағы Ателье білім беру кеңістігінде өтеді. Кіру тегін, тіркелу талап етілмейді.