Ашық шеберхана: Салпыншақтар жасау

08.03.2026
Уоркшоп
Целинный

8 наурыз 12:00-ден 18:00- ге дейін Целинныйда авторлық салпыншақтар жасау бойынша ашық шеберхана өтеді. 


Күні бойы қатысушылар еркін келіп, әртүрлі материалдарды қолданып, өз салпыншақтарын жасай алады. Шеберхананың форматы қатаң шектеулерсіз ашық жұмысты көздейді — әр қатысушы тақырып пен оны жеткізу тәсілін өзі таңдайды: бұл мәтін, сурет, коллаж, аппликация болуы мүмкін. 


Шеберхана аяқталғаннан кейін қатысушылар өз қолымен жасаған жеке салпыншақтарын, яғни өзімен алып жүруге болатын ой-толғамдарын алып кетеді. 


Шеберхана кез келген жастағы қатысушыға ашық. Кіру билеті — 2 000 теңге. 


Өтетін орны: Ателье — Целинныйдың екінші қабаттағы білім беру кеңістігі.

Жүргізушілер:

Жанар Шакиева — креативті продюсер, суретші, öziñ zine fair жобасы авторларының бірі (зин фестивалі)

Назерке Төулетай — суретші, продюсер

No items found.