Ашық шеберхана: Болашақ жылдың картасы

10.01.2026
Балалар мен жасөспірімдерге
Atele

Жылдың басын шығармашылық рефлексиядан бастауға шақырамыз! 

Жыл картасын жасау — бұл төл идеяларды, жоспарлар мен армандарды қағазға түсіруге көмектесетін коллаж техникасында жұмыс істеу. Істер тізімінің орнына біз алдағы жылдың визуалды бейнесін жасауды ұсынамыз. Процесс барысында қатысушылар көптеген материалдың ішінен олардың 2026 жылғы жеке картинасын құрайтын элементтер мен символдарды таңдап, композиция, түс және мәтінмен жұмыс істейді. Бұл пайдалы шығармашылық тәжірибе: қорытынды шығарып, жаңа жылда өзімізге маңызды дүниеге зейін қою.  

Сабақ open studio форматында өтеді: бұл жұмысқа үш сағат ішінде кез келген сәтте қосылуға болады деген сөз (сағат 15:00-ден 18:00-ге дейін).Мұнда қатаң құрылым жоқ — әр қатысушы өзіне ыңғайлы ырғақта өз картасын жасайды.

Кімге арналған: Балалар (6 жастан бастап) мен ересектерге. Ата-аналар балаларымен бірге карта жасай алады немесе өз жобасын жасаумен айналыса алады.

Ұйымдастыру ақпараты:

  • Күні: Сенбі, 10 қаңтар 2026
  • Уақыты: 15:00–18:00
  • Өтетін орны: «Целинный» заманауи мәдениет Орталығы, Масаншы көшесі, 59, Ателье (2 қабат)

Бағасы: 

Жеке билет — 5 000 теңге

Отбасылық билет (3 адамға дейін) — 10 000 теңге

Барлық материал сабақ бағасына кіреді және орталық тарапынан ұсынылады. 

Билеттерді сілтемеге өтіп, алуға болады.

No items found.