«Көзқарастан тыс» — жасөспірімдерге арналған зертхана

01.11–20.12.2026
Уркшоп
Atele

12–16 жастағы жасөспірімдерді дене, бөтен көзқарас, мектеп, шекаларар мен өзің болу еркіндігі туралы сегіз кездесуден тұратын «Көзқарастан тыс» зертханасына шақырамыз. 

‍

Әлдекім бөлмеге кіргенде неге біз басқаша қимылдай бастаймыз? Неге бір адамдардың қасында көзге көрініп, ал енді бір адамдардың жанында жоғалып кеткендей боламыз? Неге кейде «жоқ» деп айту қиын? Және жалпы мектепте күшті, оғаш, әдемі немесе қате дегендерді кім шешеді?

Біз аталған сұрақтарды қозғалыс, би және актерлік импровизация, дауыс, мәтін, бақылау және камерамен жұмыс арқылы зерттейтін боламыз. 

‍

Зертхана би немесе актерлық тәжірибені талап етпейді. Мұнда қателесу, өзіңді және басқаларды бақылау әрі өзгелердің көзқарасы арасында оларға сіңіп кетпей, өз болмысыңды сақтап қалу жолын іздейміз. 

‍

Жасөспірімдік жас — қоршаған ортамен қарым-қатынас, олардың көзқарастары, бағалаулары мен үміттері біздің өзімізді қабылдауымызға айрықша әсер етуі мүмкін уақыт. Десе де, біз өзгелерге қалай бейімделіп жатқанымызды, неліктен кей жағдайда өзімізді еркін, ал кей жағдайда ұяң сезінетінімізді, неліктен кейде «жоқ» деп айту, болмаса өзіңді таныту қиынға соғатынын көбіне байқай бермейміз. 


Біздің зертхана — өз тән тәжірибең арқылы аталған процесстерді зерттеу мүмкіндігі. Қимыл-қозғалыста, ойын мен импровизацияда біз өз реакцияларымызда байқауға, шекараларымызда сезінуге, өзгелермен қарым-қатынас жасаудың түрлі әдістерін, үйреншікті жағдайларда әрекет етудің жаңа тәсілдерін байқап көруге дағдыланатын боламыз.  Бізге жасөспірімдерге дайын шешімдер ұсыну яки оларды өздерін «дұрыс» ұстауға үйрету емес, өзіңді жақсы тану, төл тірегіңді тауып, біздің әртүрлі бола алатынымыз туралы түсініктерді кеңейтуге арналған эксперимент алаңын беру маңызды. Бұл тәжірибе зертханадан тыс — мектепте, үйде, достықта және басқаларды ғана емес, өзіңді тыңдау да маңызды кез келген жағдайда пайдалы болуы мүмкін. 

‍

Бағдарлама

‍

1 қараша, жексенбі, 14:00–16:00
«Мен және менің денем»
Өзімізден бастаймыз. Денені зерттейміз: ол қандай, қалай қимылдайды, еркіндік қайдан, ал ширығу қайдан басталады. Өзіміздің әдеткі ым-ишараларымыз, жүрісіміз, кейпіміз, дауысымызды бақылап, қозғалысты біртіндеп: мен кіммін, мен не қалаймын және әртүрлі жағдайларда менің жай-күйім қалай болады сынды жеке оқиғаларымызбен байланыстыратын боламыз.  


8 қараша, жексенбі, 14:00–16:00
«Мен және басқалар»
Жанымызда басқа адам пайда болғанда не өзгереді? Жұп-жұп болып және топпен: арақашықтық, сенім, жанасу, көзқарас, көшбасшылық және бағынумен жұмыс істейміз. Жетекшілік ету, соңынан еру, келісу, қарсылық білдіруді байқап көріп, өзгенің ыңғайына қарай бейімделе бастаған сәтімізді аңғаруға тырысамыз. 

‍

15 қараша, жексенбі, 14:00–16:00
«Көзқарастан тыс»
Ешкім қарамай тұрғанда біз қандаймыз? Қалай отырамыз, тамақ ішеміз, билейміз, өз-өзімізбен сөйлесеміз, ашуланамыз,сағынамыз әлде қуанамыз ба? «Мен жалғызбын» және «мені біреу көріп тұр» күйлері арасындағы айырмашылықты зерттеп, біздің қандай әрекеттеріміз расында бізге тиесілі екенін түсінуге тырысып көреміз. 

‍

22 қараша, жексенбі, 14:00–16:00
«Камера»
Телефон пайда болады — ал адам өзгеріп сала береді. Неге? Бір-бірімізді түсіріп, келбетіміз, дауысымыз, кейпіміз бен қозғалысымыз камера қосылғанда қалай өзгеретінін байқайтын боламыз. Назар аудару талап етілгенде не болады? Ал көзге көрінбеуге тырысқанда ше? Белгілі бір сәтте камераны ұмытып, өзді-өзіңмен болуға бола ма? 

‍

29 қараша, жексенбі, 14:00–16:00
«Мектеп: өзімдікі және бөтендікі»

Мектеп — ережелер мен иерархия өте тез пайда болатын орын. Кім «мықты», ал кім мықты емес? Неге киім, ақша, сырт келбет, үлгерім немесе достар тобы кенет адамға қатысты қарым-қатынасты анықтай бастайды? Ойдан шығарылған жағдайлар, қозғалыс пен актерлық импровизация арқылы мазақ қылу, топтан шығару, қысым, қудалау мен әдеттегі әзіл зорлыққа айналатын сәт туралы зерттейміз.

‍
6 желтоқсан, жексенбі, 14:00–16:00
«Жоқ»
Бас тартудан қорыққанда дене қандай күйде болады? Біз неге өзімізге күлкілі болмаса да, басқалармен бірге күлеміз? Өзіміз қаламайтын дүниеге неге келісеміз? Жеке шекара, топтың қысымы және дауыс, дене, арақашықтық, көзқарас, жағдайдан кету немесе көмек сұрауды қамтитын «жоқ» деп айтудың әртүрлі тәсілдерін зерттейміз. Кикілжің, ойын, агрессия мен зорлықтың айырмашылығын көруге және шекара бұзылған сәтті байқауға тырысып көреміз. 


13 желтоқсан, жексенбі, 14:00–16:00
«Мен қарап тұрмын»
Біз үнемі басқалардың бізді қалай бағалайтыны туралы ойлаймыз. Алайда өзіміз де әр секунд сайын басқаларды бағалаймыз. Сырт келбет, киім, қозғалыс немесе дауыс арқылы бір адам туралы оқиғаларды қалай ойлап табатынымызды бақылаймыз. Бір сәттік таңуларсыз қарауға, көзқарасты өзгертуге және өз таптаурындарымызды байқауға тырысып көреміз.
‍

20 желтоқсан, жексенбі, 14:00–16:00
«Қалай болу керек / қалай қалаймын»
«Қалыпты бол». «Көптің ішінен бөлініп шықпа». «Өзіңді дұрыс ұста». «Сен міндеттісің». «Адамдар не айтады?». Қорытынды кездесуде жасөспірімді үйде, мектепте, достарының арасында және қоғамда қоршайтын ережелер мен үміттерді зерттейміз. Қозғалыс, мәтін және импровизация арқылы: менен не талап етеді, менен не күтеді — және менің өзім не қалаймын сынды біреуін екіншісінен бөліп үйренеміз. 

Зертхана жүргізушілері — Дмитрий Северин мен Мария Губанова.

Дмитрий Северин — актер және режиссер. МХАТ мектеп-студиясын, Дмитрий Брусникиннің шеберханасын тәмамдаған. La Fura dels Baus, «Практика» театрымен, «Артишок» театрымен, Лермонтов атындағы театрмен, Антон Адасинский, Дмитрий Крымов, Слава Полунин және басқалармен әріптестік орнатқан.  
‍

Мария Губанова — 15 жылдан астам уақыт бойы заманауи би және дене практикаларымен айналысатын хореограф, биші және педагог. Оның қызығушылығының өзегінде — өзіңді зерттеу тәсілі ретіндегі дене және қозғалыс, импровизация әрі хореография, мәтін, дауыс пен дыбыс тоғысында қоршаған ортамен қарым-қатынас құру жатыр. 

Сабақтар әр жексенбі сайын 14:00-ден 16:00-ге дейін Масаншы көшесі, 59 мекенжайында орналасқан Целинныйдың екінші қабатындағы Ательеде өтеді. Қатысушылардың шекті саны — 14  адам.

Бір сабақтың бағасы — 8 000 теңге. Толық цикл бағасы — 55 000 теңге. Сабақтар орыс тілінде өтеді.

‍

‍

No items found.