Мадина Жолдыбекпен бірге «Алматыдағы қағаз серуен»

Воркшоп
10.05.2020
Online

Суретші-иллюстратор Мадина Жолдыбекова қаламыздағы баршаға белгілі көрнекі орындары негізінде «Алматыдағы қағаз серуен» шеберлік сыныбы сериясын дайындады. Бұл алмалы қалаға деген сезімдеріңізді шығармашылық арқылы білдіруге және балалармен бірге пайдалы уақыт өткізуге тамаша мүмкіндік деп ойлаймыз. Сізге принтер, А4 қағазы, қайшы, желім және түрлі-түсті қарындаштар қажет. Бастапқы материалдар мен бейне нұсқаулар профиль сипаттамасындағы сілтеме арқылы қолжетімді. 

Мадина Жолдыбекова mixed media техникасы негізінде сурет салады. Ол өзінің иллюстрацияларында ана болу, «келін атану» және Қазақстандағы басқа да әйелдердің рөлі туралы пайымдап, мемлекетпен төл қатынастарын зерттеп, өзін қоршаған ортадағы шындықты скетчтар бетіне түсіреді. Rocket Firm Digital Agency, OYLA ғылыми-көпшілік журналы, Мегаплан, Central Asian Youth Network ЕҚЫҰ-да жұмыс істеді. 

No items found.