Garage Screen Film Festival аясындағы подкаст
Бірінші шығарылым: «Көрінбейтін» қауымдастықтар репрезентациясы
Біз поп мәдениеттің ажырамас бөлігіне айналған және Дженни Ливингстонның “Париж отқа оранды” атты культтік деректі фильмінің негізін құраған би феномені – бал мәдениеті мен вогты тақлықау мақсатында ЛГБТИК+ белсенділерін bULt электронды музыка клубында бейресми ортаға жинадық. Спикерлер сонымен қатар “көрінбейтін” қауымдастықтардың мәселелерін ортаға салып, қауіпсіз кеңістіктердің маңызы туралы айтады.
ЛГБТ-ның қара нәсілді өкілдері - тарихи тұрғыда сол кездегі АҚШ-тың ең осал тұрғындары өмір сүрген Нью-Йорктағы Гарлем ауданы вогтың отаны саналады. Олар ксенофобиямен барлық түрі: гомофобия, трансфобия, нәсілшілдік және сексизммен бетпе-бет келді. Вог 1980 жылдары қара нәсілді ЛГБТ өкілдері қонақ болатын жалғыз орын - жерасты клубтарында өтетін әсем және өрескел балдарда өзінің шарықтау шегіне жетті.
Қатысушылар:
Виктория Примак – транс-белсенді, құқық қорғаушы, Alma-TQ трасгендердік бастамасының мүшесі.
Сұлтана Қали – тәуелсіз транс-белсенді, Колумбия университетінің Орталық Азиядағы жаһандық денсаулықты зерттеу орталығының ғылыми қызметкері.
Әмір Шайкежанов – ЛГБТ-белсенді, ЛГБТ туралы қазақстандық «kok.team» медиа-ресурсын ұйымдастырушы, Алматыдағы қауымдастықтарға арналған коммьюнити-орталық - Safe Space Almaty негізін қалаушы.
Екінші шығарылым: Қытай Халық Республикасының автономды аудандарынан қоныс аударған жазушылар
Екінші подкаста Қытай Халық Республикасының автономды аудандарынан қоныс аударған жазушылар мен ақындардың тәжірибесі баяндалады. Қонақтар шыңжаң қазақ әдебиеті, шыңжаңдық жазушылардың Қазақстан қоғамына бейімделуі және қазіргі саяси жағдайға қатысты көзқарастарымен бөліседі. Подкаст қазақ тілінде.⠀
Подкастқа қатысқандар:
Тоқтарәлі Таңжарық – 1982 жылы Шығыс Түркістанның Іле аймағы Күнес ауданында дүниеге келген. "Түн парақтары" жыр жинағының авторы. "Серпер" жастар сыйлығының иегері.
Арман Әділбек – 1992 жылы, қаңтардың 25-күні, Қытай Халық Республикасы Іле Қазақ автономиялы обылысы, Күнес сахарасында дүниеге келген. Ақын, аудармашы. Қазір Алматы қаласында тұрады.
Тiлек Ырысбек – Шынжаң Ұйғыр автономиялық ауданына қарасты Мұңғұлкүре ауданы, Түргенбұлақ аулында дүниеге келген. Ақын, аудармашы. Қазақ тіліне Хулио Кортасар, Сэмюэль Беккет, Томас Элиот, Константин Кавафис секілді т.б батыс авторларының шығармаларын тәржімалаған Қазір Алматы қаласында тұрады.
Үшінші шығарылым: «Действие буквально»
Қорытынды шығарылым кәсіби актерлер мен режиссерлер ғана емес, сонымен қатар ерекше әртістер – аутизммен және Даун синдромымен өмір сүретін адамдар қатысатын Қазақстандағы ең ерекше және бірегей «Действие буквально» театрлық жобасына арналады. Жалпы @bukvalnolab ұжымында шақырылған мұғалімдерді қосқанда жиырмадан астам адам бар. Жобаның кураторлары, үйлестірушілері және продюсерлері инклюзивті театр дегеніміз не, шеңберден және ережелерден тыс жұмыс істеп, арнайы суретшілермен бірге нағыз өнер жасаудың қандай екенін айтады.⠀
Қатысушылар:
Ольга Малышева – «Действие буквально» PR-директоры және драматург
Катя Дзвоник – «Действие буквально» кураторы және режиссері
Елена Вовнова – «Действие буквально» ерекше тобының үйлестірушісі
Ольга Султанова – «Действие буквально» продюсері