Куәгерлік поэтикасы

21.06.2026
Уоркшоп
Tselinny

Бұл уоркшоп поэзия қоғамдастық, соғыс және қиялдағы болашақ тәжірибесімен қалай жұмыс істейтініне арналады. Оны төл практикасы қоныс аудару, жад және куәгерлік оқиғаларын зерттейтін өнерпаз және жазушы Аеша Хамид өткізеді. 

Сабақ барысында қатысушылар геноцид тәжірибесін ой елегінен өткізу барысында тіл нені жеткізе алады — және не оның мүмкіндігінен тыс қалатынын бірге пайымдайды. Бірлесе оқу және жазу арқылы уоркшоп тілдің шектеулігі қандай жағдайда поэтикалық практиканың бір бөлшегі болуы мүмкін екенін, ал үнсіздік пен тіл қатпау — қиял, куәгерлік және жад кеңістігіне қалай айналатынын зерттеуді ұсынады. 

Бірлесе оқу, жазу және ұсынылған тақырыпқа қызығушылық танытқан кез келген жанды қатысуға шақырамыз. 

Аеша Хамид — өнерпаз және жазушы. 2026 жылдың күзінде оның: Black Atlantis (Strange Attractor / MIT Press) және Radio Brown Atlantis (CARA, Нью-Йорк) атты екі кітабы жарық көреді. Ол Хельсинки өнер университетінде көркемдік зерттеу профессоры және University of London, Goldsmiths магистрлік бағдарламасында сабақ береді.  

Орын саны шектеулі: 15 адамға дейін.

Тілі: ағылшынша

Қатысу құны: 6 000 тг

No items found.