Поэзия және метафизика
.jpg)
Сөз — адам қоршаған ортаны түсінуге және өзгертуге тырысқан ежелгі құралдардың бірі. Сөздің көмегімен есім берілген, құдайларға сыйынып, дұғалар оқылған, білімді ата-бабадан мирасқа қалдырып, сантүрлі хикаяларды сөз еткен. Поэзия ұзақ уақыт тек өнер ғана емес, сондай-ақ күнделікті өмір тәжірибесінен тыс жатқан дүниелермен өзара байланыс орнату тәсілі еді.
Бүгінде сөздің бұл қызметінің жай-күйі қалай? Және оның заманауи поэзияда қастерлі әрі метафизикалық қасиетінен не қалды?
«Поэзия және метафизика» дәрісінде әлем поэзиясы тарихы және рәсімдік формула мен дұға-тілектен заманауи поэтикалық мәтінге дейінгі сөзге қатысты қарым-қатынастың қалай өзгергені туралы әңгімелейміз. Поэзия ғасырлар бойы діни, философиялық әрі мәдени практикалармен қалай байланысты болғаны, сондай-ақ аталған байланыстар бүгінде қандай рөл ойнайтынын талқылаймыз.
Лектор: Иван Полторацкий — ақын, филолог, оқытушы. 2011 НМУ филология бөлімін тәмамдаған, РҒА СБ Филология Институтында жұмыс істеген. Алматыдағы Ашық әдебиет мектебінде (ОЛША) поэзия мен поэтикалық прозадан семинарлар жүргізеді. Бірнеше поэтикалық және прозалық кітаптың авторы.
Қатысу тегін, алдын ала тіркелу қажет.
Тілі: орысша
Дәріс Алматыдағы ARTBAT FEST заманауи өнер фестивалі аясында өтеді. 2026 жылғы фестивальдің тақырыбы — «Поэзия сөз қуаты ретінде».
Ательеде 14:00-де кездесеміз.