«Постколониал теориялар» пікірталасы
Жұма күні сағат 18:00-де «Постколониал теориялар: Еуразиядағы олардың түсіндірмесі және деколониал таңдау» маңызды әрі күрделі тақырыпты талқылау өтеді. Тақырып кімдікті іздеудің қазіргі мәселесін қозғайды. Бүгінде прогрессивті әлем дәл осы ұғымды деконструкциялауға тырысып жатқанда, біз өткеннің жарақатымен күресуге тырысамыз деген пікір бар.
Бейотар бұрылысты жақтаушылар мәселеге жаңа тәсілдер іздейді. Біз постколониализм мен деколониал таңдаудың күрделі мәселелерін тек біздің көзқарасымызбен ғана емес, сонымен бірге жаһандық деңгейде де талқылау мақсатында үш спикердің басын қостық.
Қатысушылар:
Әлима Бисенова – Назарбаев Университетінің әлеуметтану және антропология кафедрасының доценті, қала антропологиясы, ислам антропологиясы, зияткерлік тарих және постколониализм саласына маманданған. «AB Империо», «Europe-Asia Studies», «Religion, State & Society» жарық көрген мақалалардың авторы. «Postcolonial Theory and Its Applications in Eurasia» курсын жүргізеді.
Сергей Ситар – МАРХИ-да архитектураны оқыған. 1995 жылдан бастап ол Барт Голдхурнмен бірге Project Russia сәулет өнері журналын шығаруда автор, редактор және арт-директор болып жұмыс істеп, сонымен қатар осы жұмысты сәулет және дизайн тәжірибесімен, көрме жобаларымен және сыншы қызметімен қатар алып жүрді.
Мадина Тлостанова – салыстырмалы империализм, гуманитарлық және әлеуметтік білімдерді отарсыздандыру және альтермодерн жобаларды зерттеуші. Оның ориентализм, нәсілшілдік, қазіргі екінші ретті империялар мен постсоветтік субъектіліктің интеллектуалды еуропоцентризмі саласындағы инновациялық жасақтамалары әлемдік ғылымда үлкен қызығушылық тудыруда.