«Қазақ жаңа толқыны» кинофестивалінің бұқаралық бағдарламасы

Дәріс, воркшоп
12-21.11.2020
«Арман» кинотеатры

Фестиваль бағдарламасында әйгілі қазақстандық режиссерлердің танымал фильмдері, сондай-ақ олардың көп прокатқа шықпаған сирек туындылары бар. Бұл - Виктор Цой басты рөлді сомдаған Рашид Нұғмановтың күңгірт кейінгі кеңестік “Игла” кинотуындысы, Ардақ Әмірқұловтың ең ауқымды қазақстандық тарихи фильм «Отырардың күйреуі», Абай Қарпықовтың «тоқсаныншы жылдардың» рухындағы ностальгиялық «Фара» драмасы, Дәрежан Өмірбаевтың ер жету туралы нәзік оқиғасы - «Қайрат», Серік Апрымовтың толық метражды «Соңғы аялдама» фильмі, сондай-ақ «Қазақ жаңа толқынының» маңызды бөлшегіне айналған, бірақ көпшілік көрермен назарынан орынсыз тыс қалған басқа да фильмдер. 

Фестивальдің әр күні бір режиссерге арналады, бірінші оның алғашқы кинотуындысы, артынша соңғы картинасы көрсетіледі. Кейбір картиналар алғаш рет көрсетіледі. 

«Армандағы» кинокөрсетілімнен бөлек, фестиваль бойы Tselinny Temporary кеңістігінде көрерменді кең ауқымды бұқаралық бағдарлама күтеді. Бұл бағдарлама нақты туындыларды көрсетуге орайластырылған, көпшілік назарына ұсынылған режиссерлермен тақырыптық кездесулер, сондай-ақ олардың кәсіби аудиторияға арналған шеберлік сабақтарын да қамтиды.

No items found.