Himoya көрмесінің бұқаралық бағдарламасы
.jpg)
«Himoya: Ана тегінің қуаты, киелі байланыс» көрмесінің бұқаралық бағдарламасы артист-токтар, кураторлық турлар мен пікірталастарды біріктіреді. Бағдарламаға Орталық Азия мен басқа да аймақтардан өнерпаздар, кураторлар мен зерттеушілер қатысып, жад, ана тегі желісі, рәсімдер, мәдени сабақтастық пен білімнің әртүрлі формалары туралы сөз қозғайды.
10 қазан, сенбі
14:00–16:00 — Азиза Қадыри қатысумен артист-ток (орыс тілінде)
Азиза Қадыри — Лондонда тұратын өзбек пәнаралық өнерпазы. Ол тоқыма, мүсін, перформанс, инсталляциялар және цифрлық технологиялармен жұмыс істейді. Өз практикасында Қадыри дәстүрлі қолөнер техникаларын жаңа технологиялармен байланыстырып, көші-қон, жад, отарсыздық және әйел кімдігі тақырыптарын зерттейді. Оның қазіргі Sender Unknown жұмысы Лондондағы Виктория және Альберт музейінде (V&A) ұсынылған.
Кездесуде Азиза Қадыри өзінің көркемдік практикасы және туындыларында жеке жад, мәдени мұра, технологиялар мен кімдік мәселелері қалай тоғысатынын әңгімелейді.
15 қазан, бейсенбі
14:00–15:00 — Прамодха Вирасекера және Наташа Гинвалының қатысуымен артист-ток (ағылшын тілінде)
Наташа Гинвала — куратор және жазушы, Colomboscope көркемдік жетекшісі және халықаралық көрмелер мен биенналелер кураторы. Өз жұмысында ол заманауи өнерге, визуалды мәдениет пен әлеуметтік әділдікке мойын бұрады.
Прамодха Вирасекера — Шри-Ланкадан шыққан арт-жазушы, куратор және бұқаралық бағдарламалар маманы. Оө практикасы гендерлік зерттеулер, аффекті зерттеу, феминистік тәсілдер мен Оңтүстік Азияның заманауи өнерін тоғыстырады.
16:00–17:00 — Наташа Гинваламен кураторлық тур (ағылшын тілінде)
Наташа Гинваламен кураторлық тур «Himoya: Ана тегінің қуаты, киелі байланыс» көрмесінің негізінде жатқан идеяларға, көркемдік практикалар мен басты тақырыптарға арналады.
17:30–18:30 — Алмагүл Меңлібаеваның қатысуымен артист-ток (орыс тілінде)
Алмагүл Меңлібаева — фотография, видео және инсталляциямен жұмыс істейтін қазақстандық өнерпаз. Өз практикасында ол Орталық Азия тарихын, жад, гендер, экология және еуразиялық мифтерді зерттейді.
16 қазан, жұма
14:00–15:30 — Читра Сасмита қатысуымен артист-ток (ағылшын тілінде)
«Women Who Carry the Mountain: Balinese Rituals, Cosmology, and the Art of Devotion»
Читра Сасмита — кескіндеме, мүсін және инсталляция арқылы дәстүрлі бали мифтері мен образдарын пайымдайтын Балиден шыққан өздігінен үйренген өнерпаз.
Артист-ток барысында Сасмита адалдық пен руханилыққа негізделген бали рәсімдері, космологиялары мен көркемдік практикалары туралы сөз қозғайды.
Артист-токтан кейін практикалық бөлімде қатысушылар сурет салудың дәстүрлі тәсілі – камасан кенебінде Сигар Мангсиді байқап көреді, ол көрінбейтіннен көрінуге өтетін философиялық өткелге негізделіп, рухани әлеммен байланысты көрсетеді
16:00–17:00 — Наташа Гинваламен кураторлық тур (ағылшын тілінде)
Наташа Гинваламен кураторлық тур «Himoya: Ана тегінің қуаты, киелі байланыс» көрмесінің негізінде жатқан идеяларға, көркемдік практикалар мен басты тақырыптарға арналады.
17:30–19:00 - Раджни Перера қатысуымен «Mother/Myth» артист-тогы
Раджни Перера — Шри-Ланкадан шыққан, Торонтода тұрып, жұмыс істейтін өнерпаз. Оның пәнаралық практикасы кескіндеме, мүсін, инсталляция, фотография, тоқыма мен суретті қамтиды. Өз жұмысында ол фантастика, ғылыми фантастика, фольклор мен рухани дәстүрлерді байланыстырып, гибридтілік, болашақтың бейнесі, көші-қон, ата-баба мұрасы мен маргиналданған кімдікті зерттейді. 2026 жылы Перера 61-ші Венеция биенналесіне қатысып, Арсеналда Мариголд Сантоспен бірлескен инсталляциясы көпшілік назарына ұсынылды.
Mother/Myth артист-тогында Раджни Перера өзінің жаңа Birth is a Bloodsport сериясына және онымен байланысты сұрақтар, перспективалар мен әсерлі оқиғаларға жүгінеді. Өнерпаз төл практикасы мен аталған жұмыстардың жаңа циклін қалыптастыратын әлемдер, образдар мен нарративтер туралы әңгімелейді.
17 қазан, сенбі
13:30–15:30 — Артист-ток “Орталық (емес): Институционалды және жеке тәжірибе”. AMA Foundation мен өнерпаз Нара Бейбіт.
Кездесуде AMA Foundation-нің даму бойынша директоры және стратег Малика Оразғалиева мен атыраулық өнерпаз Нара Бейбіт мәденм алаңда жұмыс істеудегі өз тәжірибелерін ортаға салады. Олар аймақтық өнерпаздарға кәсіби траекториясын қалай қалыптастырып, даму мүмкіндіктерін қалай табуға болатынын әңгімелейді.
16:00–17:00 — Наташа Гинваламен кураторлық тур (ағылшын тілінде)
Наташа Гинваламен кураторлық тур «Himoya: Ана тегінің қуаты, киелі байланыс» көрмесінің негізінде жатқан идеяларға, көркемдік практикалар мен басты тақырыптарға арналады.
17:30–19:00 - Ахмед Омардың Наташа Гинваламен диалогы (ағылшын тілінде, 18+)
Ахмед Омар — практикасы судан мәдени мұрасы мен батыстың көркемдік дәстүрлерін тоғыстыратын судан-норвег өнерпазы. Өз жұмыстарында ол кімдік, дін, жад пен жеке тәжірибе тақырыптарына назар салады.
Куратор Наташа Гинваламен диалог барысында Омар өзінің көркемдік практикасын баяндап, төл жұмыстарында кімдік, сенім, мәдени мұра, жад және жеке тәжірибе мәселелері қалай тоғысатынын әңгімелейді.
18 қазан, жексенбі
12:00–14:00 — Зилола Саидова және Умида Ахметованың қатысуымен «Көзқарастарды құжаттау / Мәдени құжаттама» ашық пікірталасы (орыс тілінде)
Зилола Саидова — деректі практикасында мәдени кімдік, күнделікті өмір және жоғалып бара жатқан дәстүрлерді зерттеп, әйелдер мен қоғамның маргиналданған қауымдастықтарына айрықша назар аударатын өзбек фотографы.
Умида Ахмедова — практикасы Орталық Азияның күнделікті өмірі, мәдени дәстүрлері мен әлеуметтік шындықтарына арналған өзбек фотографы және кинодокументалисі.
Әңгіме мәдени және әлеуметтік перспективалар қалай құжатталатынына және жадты сақтаудағы фотография мен деректі киноның рөліне арналады.
Наташа Гинваламен кураторлық турлар (ағылшын тілінде)
Наташа Гинваламен кураторлық тур «Himoya: Ана тегінің қуаты, киелі байланыс» көрмесінің негізінде жатқан идеяларға, көркемдік практикалар мен басты тақырыптарға арналады. Әр күні Наташаға көрмеге қатысатын өнерпаздар қосылып, ұсынылған жұмыстарға қатысты әңгімені өз практикалары және көзқарастарымен тарқатады.
15 қазан, бейсенбі, 16:00–17:00
Наташа Гинвала Алмагүл Меңлібаева және Читра Сасмитамен бірге.
16 қазан, жұма, 16:00–17:00
Наташа Гинвала Раджни Перера және Тания Петерсенмен бірге.
17 қазан, сенбі, 16:00–17:00
Наташа Гинвала Ахмед Омармен бірге.
Практикалық ақпарат
Кураторлық турлар Целинныйдың бірінші қабатында өтеді және ORTA 1 кеңістігінде басталады. Турларға қатысу тегін, алайда кіру үшін көрме билетін алу керек.
Бұқаралық бағдарлама іс-шаралары Целинныйдың екінші қабатындағы Ательеде өтеді. Бұқаралық бағдарламаның барлық іс-шарасына қатысу тегін және көрмеге арналған билетті талап етпейді.