Re-Practice: Memory in Action

Бағдарламаның сипаты
Re-Practice: Memory in Action бағдарламасының міндеті — қатысушыларға жадты шығармашылық мәлімдеме жасау, жеке және ұжымдық рефлексия тақырыбы ретінде ұсыну. Біз жад дене, тіл, образдар, отбасылық хикаялар мен мәдени практикалар арқылы қалай қалыптасатынын зерттеумен айналысамыз.
«Жекеден ұжымдыққа» қағидасы курсты жүйелеудің логикасына айналды. Біз жеке тәжірибеден, отбасылық сюжеттер мен жадтың күнделікті формаларынан бастап, әрі қарай жад қалай жалпыға айналатынын, яғни ұжымдық нарративтер қалай пайда болады, тарихта не қалады, ал не ығыстырылады, кім және не себепті мұндай шешімдер қабылдайтынын назарға аламыз.
Бағдарламада gendered memory-ға (гендерлік жад) ерекше мән беріледі. Біз гендер мен билік қандай оқиғаларды көрнекі етеді әрі көпшілік пен жекенің арасындағы шекара қайдан өтетініне қалай ықпал ететінін талқылайтын боламыз. Бізді күнделікті тұрмыспен, қамқорлықпен, еңбекпен, үймен, дене және туыстықпен байланысты жад формалары, сондай-ақ аталған тақырыптарды көркемдік тілге аудару тәсілдері қызықтырады.
Бағдарламаның форматы
Бағдарлама теория мен практикадан тұрады. Курста дәрістер, артист-токтар, көрсетілімдер мен талқылар, сондай-ақ практикалық сабақтар болады. Қатысушылар мұрағатпен, соның ішінде отбасылық, табылған, сонымен қатар жадты рәсімдеп, тұрақтандыратын институция мен жүйе ретіндегі мұрағатпен жұмыс істеудің әртүрлі тәсілдерін байқап көреді. Біз материалды қайдан іздеу керегін, құжаттар мен суреттерді қалай оқып, қайнаркөзге нақты сұрақтарды қалай қою керегін, сондай-ақ хат пен отбасылық этнография, рөлдік және перформативті әдістер, аударма мен тіл, сараптама мен кино және тоқыма практикалары арқылы жадпен қалай жұмыс істеу керегін айтатын боламыз.
Бағдарлама ұжымдық рефлексия және сабақта көтерілетін тақырыптарға арналған кеңістік — горизонталды пікірталастарды да қамтиды. Олар курс материалдарын жеке тәжірибемен байланыстырып, курстың ортақ рефлексиясына арналған кеңістік құрып, теорияны жеке тәжірибемен байланыстырып, пікірлестер мен коллаборациялар іздеу үшін қажет.
Курс қорытынды жобаны міндетті түрде жүзеге асыруды қарастырмайды. Бағдарлама нәтижеге емес, процесске фокус қоя отырып, көркемдік практиканы дамытуға бағытталған.
Open Call
Біз дайындық деңгейіне қарамастан, суретшілер, зерттеушілер, кураторлар, белсенділер және жад тақырыбымен жұмыс істегісі келетін барша жанды қатысуға шақырамыз. Қатысушының жасы: 18 жастан бастап. Зертханаға қатысу — тегін, қатысушыларды іріктеу сайтта толтырылған өтінімдер негізінде жүзеге асады.
Өтінім беру дедлайны: 28 ақпан, 23:59 (Алматы).
1–2 наурыз өтінім берушілерге нәтижені хабарлайтын хат келеді.
Кесте (аптасына 2-3 кездесу)
• бейсенбі 19:00–20:30 — сабақ
• сенбі 11:00–14:00 — сабақ
• жексенбі 14:30–16:00 — горизонталды пікірталас (2 аптада 1 рет).
Бағдарламаның басталуы:
05.03.2026 сағат 19:00-де (GMT+5)
Курс орыс тілінде өтеді.
Егер сұрақтарыңыз болса, бізге learning@tselinny.org поштасына жазыңыз.