Remake
.jpg)
Кураторлық жазба:
Өз өмірімізді толассыз таспаға басып, оның өткен шағымызбен қарым-қатынасымызды қалай өзгертетінін толық ұғына бермейтін бүгінгі қоғам үшін Remake фильмінің айтары көп. Осыдан көп жыл бұрын түсірілген кадрларға қайта орала отырып, Макэлви киноның өмірді таспада сақтап қалумен қатар, оны мүлдем басқа дүниеге айналдырып жіберетін тылсым қасиетін зерттейді. Осыдан келіп кино өнерімен бірге пайда болған мына сұраққа жауап іздейді: таспадағы адамнан шын мәнінде қандай із қалады? Ол келмеске кеткен жанның демін сақтап қалуға қауқарлы ма, әлде біз ескі кадрларға көз тіккен сайын өткен шақты жаңадан жаңғырта ма?
Сипаттамасы:
Ұлы өмірден өткен соң, режиссер Росс Макэлви отбасы архивіне қайта үңіліп, екеуіне ортақ тарихтың үзік-үзік бөлшектерін бір арнаға тоғыстыруға талпынады. Ол өзінің деректі туындыларының бірін көркем фильмге айналдырмақ болған көпжылдық әрекетін еске алады. Осының бәрі Макэлвиді кино мен естеліктің арасындағы байланыс туралы және бейнежазбаның келмеске кеткен дүниені сақтап қала алатын-алмайтыны жайлы терең ойға батырады.
Фильм тілдері:
ағылшын
Фестивальдер мен марапаттар:
Жүлде: Venice International Film Festival, 2025, Impact Golden Globes Prize for Documentary — Ross McElwee
Жүлде: IDFA (International Documentary Film Festival Amsterdam), 2025, IDFA ReFrame Award for Creative Use of Archive — Ross McElwee
Іріктеу: Stockholm Film Festival, 2025, Номинация: Bronze Horse / Best Documentary — Ross McElwee