«Мәңгілік жел салтанаты» көрмесі

7.05 — 28.06.2026
Көрме
Целинный

Көрме «үн өнерінің» кеңейтілген мағынасына біріккен әрі белгілі бір деңгейде тыңдау тәжірибесін нұсқайтын әртүрлі техника және жанрда орындалатын жұмыстардың үзінділерін ұсынады.

Дыбыстық көрмелерге тән формалар — Рүстем Мырзахметов пен түрік саунд-артының жұлдызы Жевдет Әректің көп арналы дыбыс инсталляцияларынан – «Мәңгілік жел салтанаты» визуалды өнер мен аралас техникаға мойын бұрады, ол қатарда: Азадбек Бекчановтың перформансына арналған графикалық музыкалық партитура қызметін атқаратын сюзане және эндемик өсімдік, дәстүрлі сыбызғы жасалатын Башқұрстанның басты символы — «мың» қурай сабағынан жасалған Зилиә Қансұраның инсталляциясы бар.

Көрме кураторлары күрделі сұрақтардан қашпайды. Мәселен, бенгал өнерпазы Будадитья Чаттопадхайдың қатысымды дыбыстық инсталляциясы қыш құмыралар жылауын тоқтату мақсатында оларды “қоректендіруге” шақырады — бұл 1943 жылы Бенгалияда болған ашаршылыққа және Орталық пен Солтүстік Азиядағы миллиондаған адамның өмірін жалмаған осы тектес трагедияларға ишара жасайды. Бұл қатардағы тағы бір туынды — жел энергетикасы аймақтың байырғы халқын біртіндеп ығыстырып жатқан оккупацияланған Голан жоталарының өмірін баяндайтын әлемге танымал аудио зерттеуші және өнерпаз Лоуренс Абу Хамданның инсталляциясы.

Көрме кеңістігінде тыңдау мен дауыс арқылы кімдікті іздеуге арналған бірқатар маңызды видео-инсталляциялар қойылған, олар: қазақ-түрік экспериментал вокалисі Саадет Түркөздің диптихі, Башқұрстаннан шыққан режиссер Таңсұлпан Бұрақаеваның құрайшылар туралы фильмі және корё-сарам тарихына арналған корей өнерпазы Соджунг Джунның экспериментал жұмысы.

Триеннале концепциясын, тыңдау мен ортақ музыка тудыру идеясын ұжымдық практика ретінде түсінуге арналған негізгі жұмыстардың бірі — бұл пішіні жағынан жыланбас немесе асатаяқты еске салатын Миеко Сиомидің ұжымдық дыбыстық мүсіні. Аты аңызға айналған жапон өнерпазы қатысуға барлық Триеннале қатысушыларын шақырды, яғни әр қатысушы «қоңырау немесе кез келген үн шығаратын затты» беріп жіберіп немесе алып келіп, оны алдын ала дайындалған орынға ілуі керек. Сиомидің классикалық туындыларының біріне арқа сүйеп, дыбыс пен желді бейнелеуге қатысты өз интерпретациясын ұсынатын қазақстандық өнерпаз Ләззат Ханымның фотореалистік картиналарының триптихі аталған жұмысты ирониялық, десе де құрметпен сүйемелдейді.

Көрмеде көрсетілген туындылардың басым көбі «Мәңгілік жел салтанаты» үшін арнайы жасалды.

No items found.