Мәңгілік жел салтанаты: Билава Респати, HMOT және Kokonja (Ален Лидің қатысуымен) бағдарламасының кіріспе бөлімі

«Мәңгілік жел салтанаты» — Целинныйдың халықаралық хедлайнерлік жобаларының бірі. Аталған ауқымды халықаралық іс-шараға Батыс Азиядан Оңтүстік-Шығыс Азияға дейін, Ливан мен Палестинадан Жапония мен Үндістанға дейін әлемнің түкпір-түкпірінен келген 20 өнерпаз бен музыкант өз туындыларын таныстырады.
Алғашқы «салтанатқа» — триеннале бағдарламасы танытымы мен концертке — біз жоба кураторларының бірі НМОТ, 2022 жылғы бағдарлама қатысушысы Kokonja, сондай-ақ индонезиялық үн әртісі Билава Респатиді шақырдық. Концерт Қазақстандағы Гёте-Институт және СТМ фестивалінің (Берлин) қолдауымен өтеді.
24 қазан
19:00
Билава Аде Респати (Bilawa Ade Respati) — Берлинде тұратын индонезиялық музыкант және орындаушы. Ол явандық гамелан және гитарада ойнап, екі аспапта да музыка жазады. Жақында ол алгоритмдік музыкалық композицияларды қолданып, электронды музыкамен эксперимент жасай бастады.
Инженериялық физика бойынша формалды білім алған Билава Респати акустикалық сигналдарды өңдеу мен музыкалық дыбыс өндірісі саласында маманданған, және явандық музыка гамеланға анализ жасауға басым назар аударады. Инженерлік білім алумен қатар әртүрлі мұғалімдерден және өзі жекелей явандық гамелан және музыкалық композицияны игерген.
HMOT — Базельде (Швейцария) тұратын башқұрт-сібір текті зерттеуші және куратор Стас Шәрифулланың музыкалық жобасы. Ол Солтүстік және Орталық Азияның дыбыс және музыкалық автохтонды тәжірибелерімен жұмыс істейді. Стас — «Дәстүрліні ресинтездеу» зертханасының кураторы, Базель университеті оқытушысы және докторанты, Institute Art Gender Nature HGK FHNW (Базель) лекторы және тәлімгері.
Дария Нұртаза – қазақ заманауи өнеріндегі жаңа ағынында дыбыс, қолөнер және кескіндеме өнерлерін біріктірген әртіс, Бақыт Бубиканованың шәкірті. Ол күнделікті өмірдің иісін сіңіріп, музыкалық болсын, бейнелеу өнерінде болсын абсурд пен абстракция шекарасында туындылар жасайды.
Ален Ли — орындаушы, зерттеуші және куратор, музыкалық контексте ашық ұжымдық импровизацияға маманданған. Калифорния өнер институты музыкалық композиция факультетінің түлегі (CalArts, 2022).