Рөлдік ойындар зертханасы: Тауларға қарай

Целинный суретші Ана Мария Мильянның жетекшілігімен рөлдік ойындар зертханасына open call жариялайды. Уоркшоп геймерлерге, әуесқойларға, аватарлар немесе қиялдағы кейіпкерлермен жұмыс істейтіндерге, сондай-ақ цифрлық мәдениет пен эксперименталды сторителлингке қызығатын барлық жанға ашық.
Зертхана рөлдік ойындар, анимация, үгіт-насихат және саяси нарративтердің арасындағы байланыстарды зерттейді. Әлемдерді ұжымдық түрде құру және ойын процессі арқылы қатысушылар аватарлар жасап, ауыл саясаты мен әртүрлі контекстегі білімнің матриархалды формаларын, атап айтқанда Қазақстан мен Колумбия арасындағы ортақ хикаяны қалыптастырады.
Уоркшоп бірнеше сессиядан тұрады:
1 сессия | 25 наурыз, 17:00–19:00
Кейіпкерлер жасау және ойын кеңістігін құру.
2 сессия | 26 наурыз, 17:00–19:00
Текше тастауға негізделген сторителлинг механикаларын қолданатын ұжымдық ойын.
3 сессия | 28 наурыз, 17:00–19:00
Ойын барысында құрылған нарративке негізделген motion capture (MOCAP) сахнасына арналған қозғалыстар мен хореографиялар жасау.
4 сессия | 29 наурыз, 17:00–19:00
Хикаяны ақырғы рет пысықтау және кейін анимациялық фильмнің сценарийі мен сторибордына айналатын материалдар жасау.
Зертхана барысында қатысушылар серуендеп, жазып, кейіпкерлер ойлап тауып, бірге ойнайтын болады. Әр қатысушы өзіндік қабілеті мен мінез-құлқы бар кейіпкерлер жасайды. Ойын процессі және талқы арқылы топ әртүрлі жағдайларға реакция танытып, болашақ анимациялық сюжет құрылымын ұжым болып қалыптастыратын болады.
Кездейсоқтық хикая тудырудағы маңызды бөлікке айналады: текше тастау негізгі шешімдер мен сюжет дамуының бағытын айқындайды. Рөлдік сессиялар нәтижесі сценарий және суретші жасайтын келесі сторибордтың негізі болмақ.
Ана Мария Мильян практикасы технология, гендер, үгіт-насихат, субмәдениет және әуесқой медиа-практикалар тоғысын қарастырып, анимация және цифрлық мәдениет саясатын зерттейді. Өз жұмыстарында ол нарративті фильмдер мен перформативті жобаларды жасау үшін рөлдік ойындарды, реконструкцияны, гейминг және виртуалды әлемдер қалыптастыруды көркемдік әдістер ретінде жиі қолданады.
Өтінімді қалай беру керек:
Google-форма арқылы келесі материалдарды жіберуіңізді сұраймыз:
- мотивациялық хат
- CV
- портфолио (бар болса)
Орын саны шектеулі.
Өтінімді жіберу арқылы қатысушылар уоркшоп барысында фото және видео құжаттама жүргізілуі мүмкін екенін, ал зертхана нәтижесі суретшінің көркемдік жұмысы мен көрмесінде қолданылатынын растайды.