Гүлнар Әбікеевамен қазақ киносының тарихы

20.11 — 08.02.2026
Дәріс
Целинный

Лектор туралы:

Гүлнәр Әбікеева — кинотанушы, өнертану ғылымының докторы, кино туралы он екі кітаптың авторы. Берлин, Карловы Вары, Оберхаузен, Пусан және т.б. халықаралық кинофестивальдердің қазылар алқасының мүшесі. Ол FIPRESCI және NETPAC киносыншылар ұйымдарының, сондай-ақ APSA Азия-Тынық мұхиты киноакадемиясының мүшесі. 2016 жылы «Өнер мән әдебиет кавалері» француз орденімен, ал 2021 жылы «Құрмет» орденімен марапатталды. 

2018-2019 жылдары Жапонияда тағылымдамадан өту барысында Токио, Киото және Хоккайдо университеттерінде қонақ есебінде дәрістер оқыды. Сондай-ақ 2001-2002 жылдары АҚШ-та «Фулбрайт» тағылымдамасы кезінде Питтсбург, Гарвард, Йель, Стэнфордта дәрістер оқыды. 

Кейінгі жылдары шетелде – Ұлыбританияда — Биргит Боймерс және Майкл Роуландпен бірге "Cinema in Central Asia. Rewriting Cultural Histories", Оңтүстік Кореяда Ким Джи-Сеукпен бірге "The Unknown New Wave of Central Asian Cinema", Ресейде «Кинодом Махмальбаф» басылымдары жарық көрді. Әлия Увалжановамен бірлесіп шығарған екі кітабы — «Профессия — продюсер» және «Қазақ жаңа толқыны» сәйкесінше 2021 және 2022 жылдары жарық көрді.