Тыныштық

01.08
Кино
ORTA 3

Посткеңестік Душанбенің музыкасы мен көшедегі дыбыстарына таңғалып, қаланың сенсорлық әлеміне бойлаған он жастағы зағип бала Хоршид әр күн жұмысқа кешігіп барады. Өзінің айрықша есту қабілетінің арқасында ер бала музыкалық аспаптарды күйге келтіруші болып жұмыс істейді, алайда оның үнемі кешігуі тұтас отбасының әл-ауқаты тәуелді болып отырған жұмысынан айрылуына түрткі болуы мүмкін. 

Фильм оқиғасы Тәжікстанда өрбісе де, оның қайнаркөзі режиссер Мохсен Махмальбафтың балалық естеліктеріне тамыр тартады. Бұл оқиға режиссердің өз өміріндегі тәжірибесін — отбасында діни наным-сенімге байланысты музыка тыңдауға тыйым салынуын поэтикалық тұрғыдан зерделеуге арналған. 

Махмальбафтың тікелей саяси мәлімдемелерден кинематографиялық поэзияға бетбұрыс жасаған кезінде түсірілген «Тыныштық» әлемді тыңдау, ырғақ және музыкалық ассоциациялар арқылы зерттеп, қала кеңістігін күрделі дыбыс партитурасына айналдырады. Фильмде аудиовизуалды магия сюрреализмге қолжеткізу үшін емес, сенсорлық реализмнің шекарасын кеңейту үшін жасалады. 

1998 жылы Венеция кинофестивалінің арнайы марапатына ие болған «Тыныштық» Махмальбафтың ерекше әрі поэтикалық фильмдерінің бірі болып қалды. 

No items found.