Сыбырға толы хор

05.05.2026, 06.05.2026, 08.05.2026
Целинный

Бұл екі күндік уоркшоп дауысты сөйлеу мен музыка арасындағы дәстүрлі бөліністен тыс зерттейді. Сыбыр — дауысты қолдану, қабылдау және сезіну тәсілдеріне жаңаша көзқарас танытуға мүмкіндік беретін дыбыстық, әлеуметтік және психоакустикалық құбылыс ретінде басты назарда болады.

Уоркшоп сыбыр табиғатына кіріспеден, яғни ол кеңістікте қалай таралады, тыңдау арқылы қалай қабылданады және оның нәзік сипаты ұжымдық тыңдауға қалай әсер ететінінен басталады. Топтық талқылаулар және қарапайым жаттығулар арқылы қатысушылар сыбырды бір сәтте жеке және ұжымдық практика ретінде зерттейді.

Екінші күні Bint Mbareh қатысуымен уоркшоп ұжымдық хор форматына ауысады. Қатысушылар көпқабатты сыбырмен жұмыс істеп, жеке, бәсең дауыстардың қалай тығыз, иммерсивті дыбыс ортасына сіңісе алатынын зерттейді. Нәтижесінде Rites of Eternal Wind концерттік бағдарламасы аясында тікелей орындау ұсынылады.

Уоркшоп бәріне ашық — вокал немесе дыбыс практикалары саласында арнайы дайындық талап етілмейді.

Impossible Territories — 2019 жылы Базельде тұратын дыбыс суретшісі, зерттеуші және клиникалық психолог Юлия Шәрифулла негізін қалаған пәнаралық платформа. Платформа уоркшоптар мен импровизациялық перформанстар тоғысында жұмыс істеп, далалық жазбаларды, дыбыстық психогеографияны және тыңдаудың психоакустикасын зерттейді. Практика дыбыстық зерттеулерді қолжетімді етуге және оларды күнделікті тәжірибеге қайта енгізуге бағытталған.

Bint Mbareh — жұмыстары Палестинадағы су мәселесі контексіне шоғырланған дыбыс зерттеушісі. Оның дыбыс толқындары мен су толқындарының физикалық ұқсастығына деген қызығушылығы дене, мемлекет және уақыт өлшемдері арасындағы шекаларадың көмескіленуі, сондай-ақ дауысты ұжымдық дыбыстау арқылы су кеңістігі іспетті «тұмшалауға» қабілетті орта есебінде зерттеу мәселелеріне алып келеді.

Күндер:

5 мамыр, 15:00–18:00

6 мамыр, 14:00–16:00

8 мамыр — перформанс

Орын саны: 20 қатысушыға дейін

Тілі: ағылшынша және орысша

Қатысу:

Сілтеме арқылы тіркелу формасын 3 мамыр, 23:59 дейiн толтырыңыз.

фотосуреттерді Анна Марченкова түсірген

No items found.