Жел

Летти Мэйсон Батыс Техасқа қоныс аударғанда дамылсыз соғатын құмды дауылдар оған маза бермейді. Өзінің немере ағасы Беверли Леттидің ранчосында ағасының әйелі оған суық көзқарас танытады. Отбасындағы шиеленіс әрі үш ер адамның еріксіз назар аударғаны Леттиді есінен адастыра бастайды.
Швед режиссері Виктор Шөстрөмнің ең әйгілі голливудтық жұмысы — оның адам психикасы мен қатаң ландшафт арасындағы өзара байланысы туралы зерттеуінің жалғасы. Бұл жолы — үздіксіз жел соғатын Техас сюжетке сәйкес әйелдерді ессіз күйге түсіреді. Осынау үнсіз психосексуалды триллерде жел бірде өлімнің хабаршысы, бірде отарлық зорлықтың жаңғырығы, бірде күйретуші еркек қуатына айналады. Кей тұсында екпінді желмен бірге ашықтан ашық үрейлі көріністерге ұрынатын фильм дыбыс, гуіл, ұлу сынды ең қорқынышты элементсіз-ақ жел арқылы үрей тудыру міндетін орындайды.
Фильмді Lillian Gish Fund for Film Preservation қолдауымен MoMA қалпына келтірген.