Театр Шеберханасы 60+
.jpg)
Театрға қызығатын, өз мүмкіндіктерін зерттеп, заманауи өнермен танысуды жөн санайтын 60 жастан асқан жандарға арналған театр зертханасы.
Жарты жыл бойы қатысушылар актерлік практикаларды меңгеріп, дене және дауыспен жұмыс істеп, өздерінің болмысын және басқаларамен өзара байланысын зерттейді. Режиссермен бірге олар алғашқы театр жаттығулары мен пьеса оқудан бастап, сәуір айына жоспарланған премьераға дейінгі жолды жүріп өтеді.
Зертхана сондай-ақ заманауи театр және өнермен танысу, сауал тудырған тақырыптарды зерттеу әрі көркем практикалар арқылы жеке тәжірибені пайымдау кеңістігіне айналады.
Театр және мәдениет
Зертхананың маңызды бөлшегі – қаланың және одан тыс жерлердің мәдени өмірімен танысу.
Қатысушылар бірге спектакльдерге, көрмелерге, кинокөрсетілімдер мен басқа да мәдени шараларға қатысып, көрген дүниелерді талқылап, көркемдік жұмыстарды талдап, заманауи өнердің әртүрлі формаларымен танысатын болады.
Сондай-ақ осыған орай дәрістер, медиациялар мен сабақ барысындағы бірлескен талқылар өтеді.
Сабақ қалай өтеді?
Әр кездесу шай ішу мен әңгіме-дүкен құрудан басталады. Бұл күнделікті тірліктен ортақ жұмысқа зейін қоюға, өзара әрекеттестікке ниет етуге әрі өзіңді топтың бір мүшесі сезінуге көмектеседі.
Кейін қатысушылар орындау практикаларының негізі саналатын зейін, байланыс және қатысу практикаларына арналған жаттығуларға көшеді. Жұмыс кезеңіне байланысты сабақтарға актерлік пен дене жаттығулары, дауыспен жұмыс істеу, драматургияны талдау, болашақ спектакль сахналарын дайындау, тамашалау және қойылым видеожазбаларын талқылау қосылады.
Зертхананың басты мақсатының бірі — премьерасы 2027 жылдың сәуір айына жоспарланған ортақ спектакль қою. Жарты жыл бойы қатысушылар пьесаны алғаш оқу, дайындық пен қорытынды көрсетілімді қамтитын қойылыммен жұмыс істеудің барлық кезеңінен өтеді.
Бұрын театрмен айналысып көрмеген жандар үшін бұл айрықша тәжірибе болуы мүмкін. Сондықтан, жұмыс біртіндеп, жаңа дағдыларды игеру мүмкіндігін қамтып, әр кезеңде топ қолдауына ие болуға бағытталады.
Кім қатыса алады?
Зертхана театр тәжірибесі немесе арнайы дайындығы бар-жоғына қарамастан, 60 жастан асқан жандар үшін ашық. Бастысы — театрға деген қызығушылық және бірлескен жұмысқа тұрақты қатысуға дайын болу.
Зертхана аясында дайындалған спектакльдер — көрермен билет сатып алатын тамашалайтын әрі кәсіби театр сыны нысанына айналатын толыққанды театр қойылымдары.
Қатысушылар спектакль барысында кәсіби режиссермен жұмыс істеп, театр процессі авторларының біріне айналады.
Жүргізуші туралы
Марк Куклин — театр режиссері және суретші. Режиссер ретінде алты және суретші ретінде бес спектакль қойған, жеті халықаралық фестивальге қатысқан.
Бір жылдан астам уақыт бойы Марк adamdart әлеуметтік театрында 50+ тобына кураторлық етіп, арнайы дайындығы немесе театр саласында білімі жоқ 50 жастан асқан актерлермен бірге спектакльдер қояды.
Топ қатысушыларымен бірге ол Юлия Савиковскаяның пьесасы бойынша «Утечка» спектаклін қойды. Қойылым театр шолушысы Ольга Малышеваның нұсқасы бойынша маусымның үздік спектакльдері тізімінде үшінші орын иеленді.
Қатысу
Алдын ала тіркелгеннен кейін қатысу тегін.
Зертханаға қосылу үшін бізге learning@tselinny.com поштасына жазыңыздар. Сондай-ақ сіз Орталықтағы ақпарат үстеліне барып, сауалнаманы толтыра аласыз.
Қашан: 2026 жылдың 17 қарашасынан 2027 жылдың 30 сәуіріне дейін әр апта сейсенбі және бейсенбі күндері сағат 14:00-ден 17:00-ге дейін.
Зертхана тұрақты қатысуға басымдық береді. Қарашада топпен және жұмыс формасымен танысу үшін сынақ сабағына қатысып көруге болады.
Қайда: Ателье — «Целинный» заманауи мәдениет Орталығының білім беру кеңістігі, екінші қабат (Масаншы, 59 көшесі).
Қатысушылар саны шектеулі — 12 адамға дейін.