Болашақтың дәстүрі. Заманауи өнер, дизайн және сәулет өнеріндегі қолөнер.

21.03.2026
Пікірталас
Tselinny

Дәстүрлі деп аталатын тоқыма, киіз басу немесе керамика сынды қолөнер практикалары қайтадан жаңғырып, суретшілер, дизайнерлер және сәулетшілердің басты назарына айналуда. Материалдармен жұмыс істеуге, қол еңбегі арқылы қалыптасқан білімге және жергілікті технологияларға негізделген мұндай формалар көбіне стандартталған индустриалды өндіріске балама ретінде қарастырылып, көркемдік және кеңістіктік ойлаудың жаңа мүмкіндіктеріне жол ашады.

Бүгінде мұндай практикалар тек дәстүрлі немесе материалды мәдениеттің музейге тән формасы ретінде жиі қабылдана бермейді. Керісінше, олар заманауи өнер контексінде пайымдауға болатын білімнің тікелей қайнаркөзіне айналды.  

Кездесуге қатысушылар — дизайнер Йована Чжан, суретшілер Сәуле және Әлібай Бапановтар, сондай-ақ сәулетші Әсел Есжанова — дәстүрлі материалдар заманауи көркемдік және жобалық шешімдердің негізіне айналған өз практикаларын ұсынады. 

Пікірталас модераторы — куратор Әсел Ахметжанова. 

Танытым және одан кейін өрбитін әңгіме барысында қатысушылар заманауи мәдени және кәсіби алаңда қолөнер қалай өмір сүреді, дизайнерлер, суретшілер және сәулетшілер арасында қандай жаңа өзара байланыс формалары пайда болады, сондай-ақ болашақ практикаларды қалыптастыруда қолөнер білімі қандай рөл ойнайтынын талқылайтын болады. 

Уақыты: 15:00–17:00. 

Өтетін орны: Масаншы 59, Целинный, зал ORTA 1. 

Кіру тегін, тіркеусіз.

No items found.