Turan Film Academy: студенттік жұмыстардың көрсетілімі

24.04.2026
Кино
Целинный

Turan Film Academy студенттерінің қорытынды жұмыстарының ашық көрсетілімі — бұл кинематографистердің жаңа буыны қалай қалыптасып келе жатқанын көруге және қандай тақырыптар, образдар мен интонациялар олар үшін маңызды екенін білуге таптырмас мүмкіндік.

Бағдарламада жеті қысқа метражды фильм бар, онда жеке оқиғалар, мазасыз көңіл-күй, күнделікті бақылаулар мен ішкі сезімдер әртүрлі, кейде бір-біріне қайшы келетін, десе де шынайы мәлімдемеге ұласады. Бұл жұмыстар — тек оқу нәтижесі ғана емес, сонымен бірге өз тілін табуға және шындық туралы сөйлеудің өзіндік тәсілін іздеуге жасалған талпыныс.

Фильмдер қазақ және орыс тілдерінде субтитрлермен көрсетіледі.

Бағдарламада:

«Есiмде» — Динара Мирманова

«Сохраняя анонимность» — Луиза Заринова

«Парасомния» — Айжан Бралова

«Диван на шестерых» — Мария Иситова

«Эпилог» — Дамир Әбілханов

«Психолог» — Кирилл Кистанов

“Water” — Александр Левин

Кіру тегін.

No items found.