Біз қайда барамыз?
.jpg)
Бас кейіпкерлерсіз роуд-муви ретінде жыл бойы түсірілген Мәскеу метросындағы өмірді деректі бақылау. Метрополитеннің жабық кеңістігі бүгінде алыста қалған соғысқа дейінгі дәуірдің — «2022 жылға» дейінгі қала әлемі мен Ресей қоғамының үлгісіне айналады.
Белорус режиссері Руслан Федотов жерасты ағыны ішіндегі күнделікті өмірдің жеке, әрі абсудр элементтерін байқатпай таспалайды. Достоевский туралы пайымдаған Аяз ата, америкалық жаяу әскермен тіл табысуға тырысқан Әуе-десант әскерилері, басындағы мысығымен саяхаттап жүрген ер адам… Күтіп, ұйықтап, жаға жыртысып, жақсы көріп тұрған адамдарды бақылай отырып, фильм күнделікті өмірді абсурдқа толы айна әлеміне айналдырады. Осынау тоқтаусыз ағында фильм тұйық кеңістіктегі бұл ұжымдық қозғалыс қайда апарады, біз қайда барамыз деген сауал тастайды.
Дәл осы «роуд-мувидің» ақырғы бекеті бізге аян, алайда аталған трагикомедияның басты сұрағы әлі өзекті.
Руслан Федотовтың алғашқы толықметражды фильмі 2021 жылы Амстердамда IDFA деректі кино фестивалінде үздік дебют және операторлық жұмыс үшін жүлдеге ие болды.