Wind Map

01.11–27.12.2026
Целинный

Wind Map — көрмемен танысуды адамның жеке визуалды интерпретациясы арқылы жүзеге асыратын интерактивті медиация форматы.

Медиатор бағыттаушы әрі бейтарап көпір рөлін атқарып, ашық диалогқа жағдай жасайды. Қатысушыларға қағаз, планшет және фломастерлер ұсынылады. Олар өз әсерлерін өз қалауы бойынша бейнелей алады: абстрактілі немесе нақты нысандарды, жеке детальдарды, сөздерді, белгілерді, сызықтарды немесе ассоциацияларды қағазға түсіреді.

Бұл тәсіл қатысушыларға баяулап, өз сезімдері мен ойларына назар аударуға және өнер туындысын жеке тәжірибесі арқылы қабылдауға мүмкіндік береді. Әр қатысушы көрмені қабылдаудың өзіндік визуалды картасын жасайды. Ол өнер мен архитектура туралы әрі қарайғы әңгімеге бастау бола алады.

Әр турдың ұзақтығы: 60 минут.

‍

‍

No items found.