Басқаша жазу

13.09.2026 - 11.10.2026
Дәріс
Atele

Курста қатысушылар заманауи жазу практикаларын — поэзия мен прозадан бастап, олардың арасындағы формаларға дейін зерттейді. Миф пен еркін өлеңнен бастап, классикалық поэтикалық форма мен поэтикалық прозаны қамтитын мәтінмен жұмыс істеудің сантүрлі тәсілдерін байқап көреді. Біртіндеп бүгінгі поэзияның қандай болуы мүмкін екені туралы түсінікті кеңейтіп, төл көркемдік тілін іздейтін болады. 

1. Кіріспе: поэзия кеше және бүгін қалай қызмет етеді және өзімізді онымен қалай байланыстырамыз
13 қыркүйек, жексенбі, 14:00

Біз неге өлең жаза бастаймыз — және оларға оралуға не түрткі болады? Бірінші сабақта бүгінде поэзия қалай жұмыс істейтіні, ол туралы түсініктер қалай өзгергенін және  осынау тарихта төл практикамыз қандай орынға ие болатыны туралы сөйлесеміз. Қарапайым жаттығулардан бастап, жазуды күнделікті өмірдің бір бөлшегіне айналдырып көруге тырысамыз. 

2. Мифопоэтика: құжаттан төл ертегіге дейін

20 қыркүйек, жексенбі, 14:00

Біз көптеген мәдени миф арасында өмір сүреміз — және үнемі жаңасын тудырамыз. Екінші сабақта жеке тәжірибе, құжаттар мен естеліктер қалай мифке айналатынын қаузап, артынша төл хикаяларымыз бен ертегілерімізді жазуға тырысамыз. 

3. Еркін өлең: верлибр қалай кеңістік жасайды 

27 қыркүйек, жексенбі,  14:00

Верлибр мәтінді міндетті ырғақ пен ұйқастан босатып, оқиғалар, күйлер мен сезімдер туралы өз тәсіліңді іздеуге мүмкіндік береді. Сабақта еркін өлеңмен жұмыс істеп, ырғақ, кідіріс пен мәтіннің құрылымы оның ішкі кеңістігін қалай жасайтынын зерттейміз. 

4. Тұрақты формалар: сонеттен хайкуға дейін
4 қазан, жексенбі, 14:00

Өлең белгілі бір формаға бағынғанда не болады? Әртүрлі тәсілдермен танысып, силлабо-тоникалық өлең, сонет және хайкумен жұмыс істеп көріп, шектеулердің, керісінше, жазуға қандай жаңа мүмкіндіктер ашатынын түсінуге тырысамыз. 

5. Поэтикалық проза: маңызды дүниені қаузау және деміңнен қол үзбеу 

11 қазан, жексенбі, 14:00

Өлең қайда бітіп, проза қайдан басталады? Соңғы сабақта ырғақ, образ және тілге назар аудару арқылы прозамен жұмыс істеп көруге тырысамыз. Күрделі оқиғалар мен күйлер туралы қалай қысқа, нақты және көркем жазуға болатыны туралы сөйлесеміз.

Жүргізуші: Иван Полторацкий — ақын, филолог, тарихи поэтика маманы.

Курс орыс тілінде өтеді. Барлық сабақ Целинныйдың екінші қабатындағы білім беру кеңістігі – Ательеде өтеді.

Қатысу құны:
6 000 теңге — бір реттік қатысу;
25 000 теңге — бес сабақтан тұратын толық цикл. 

No items found.
Билеттер