Ателье — «Целинный» заманауи мәдениет орталығындағы көп функционалды білім беру кеңістігі. Ол дәрістер мен шығармашылық кеңістіктерді, сондай-ақ демалуға және бейресми қарым-қатынасқа арналған орынды тоғыстырады. Мұнда уоркшоптар, танытымдар, зерттеу зертханалары, кино көрсетілімдер және басқа да баламалы оқыту форматтары өтеді. Орталықтағы іс-шаралардан тыс уақытта Ателье оқуға, жеке жұмыс істеуге немесе шығармашылық эксперименттерге ашық. Кеңістік барлық жастағы келушіге қолжетімді.