Құжаттама — бұл 1985 жылдан бастап кезеңді қамтитын Орталық Азияның заманауи өнерінің цифрлық деректер базасы. Жоба өнерпаздардан, зерттеушілерден және өнер сахнасының басқа да өкілдерінен материалдар жинайды, сонымен қатар тақырыптық цифрлық коллекциялар жасайды.

Жобаның миссиясы – аймақтағы заманауи өнер туралы деректерді сақтау және зерттеу, оған бұқаралық қолжетімділікті қамтамасыз ету және Орталық Азияның мәдени контексті туралы білімді кеңейту. Деректерді жинау, атрибуттау және тексерудегі бірлескен жұмыс арқылы ұжымдық жады қалыптасады, аймақтың мәдени кімдігі нығаяды, сондай-ақ әрі қарай зерттеудің жаңа бағыттары ашылады.

Цифрлық коллекциялар бойынша жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылады: деректерді жинау, атрибуциялау, ақпаратты тексеру, авторлық құқыққа қатысты құқықтық мәселелерді шешу, зияткерлік меншікті қорғауды қамтамасыз ету. Өнер адамдарын қолдауға және олардың құқықтарын қорғауға ерекше көңіл бөлінеді – бұл Орталық жұмысының негізгі қағидасы.

Материалдардың ұзақ мерзімді сақталуы мен қорғалуын қамтамасыз ете отырып, барлық ақпарат жобаның ішкі платформасында сақталады. Болашақта DOCUMENTATION мұрағат деректерін басқа мәдениет институцияларымен еркін алмасуға және жаңаша зерттеу мүмкіндіктерін жасауға жол ашатын біртұтас халықаралық желінің бір бөлігі болуды мақсат етеді.

Жоба мәдениет институцияларымен, өнерпаздармен, зерттеушілермен, коллекция мұрагерлерімен, тағылымдамашылармен және аймақтағы заманауи өнерді дамытуға әрі зерттеуге мүдделі кез келген адаммен ынтымақтастық орнатуға бейілді.