
Қазақстандық заманауи суретші. Жұмыстары арасында анимация, видео, графика, фотосуреттер бар.
Д. Юн шығармашылығының негізгі тәсілдері: found footage, далалық зерттеулер, партиципаторлық әдістер.
Негізгі тақырыптар: ойын, жады, посткеңестік болмыс, көші-қон, күнделікті тіршілік, дене және феминизм.
Д. Юн КИМЭП университетінде (Халықаралық журналистика факультеті, Алматы, 2005–2008), Купер Юнионда (Графикалық дизайн факультеті, Нью-Йорк, 2010–2014) және Берклидегі Калифорния университетінде (UX, UI дизайн, Калифорния, 2016–2019) оқыған. Menschel Fellowship гранты аясында домбыра тарту дәстүрі мен соның айналасындағы музыкалық және әлеуметтік ортаны зерттеді (2013).
Д. Юн шығармашылық тәжірибесінде эмиграция мен тарихи жадыны зерттеуде антропология, этнография және мұрағат тәжірибесіне жүгінеді. Зерттеудің басты нысаны – суретшінің өмірінен алынған көріністер (фантиктер, автобустар, ойыншықтар және т.б.) және жаяу жүргіншілермен сұхбат (“My America / Brighton Beach Memory Exchange”, 2012). Күнделікті тіршілік – ойынға, ал тарих – визуал новеллаға айналады. Д. Юн Регина Шепетя және Малик Зенгермен бірге Екінші дүниежүзілік соғыс оқиғасын қайта баяндап, мұрағаттағы видеолар фонында өткеннің бейнесін ермексаз сахнасында бейнелеген (“World War Too”, 2008). Д. Юн видеоны зерттеу құралы ретінде ғана емес, белсенділік мақсатында да пайдаланып, әйелдер мен квир-тұлғаларға қатысты қалыптасқан көзқарасқа көрермен назарын аударады (“ASIAN DIKE”, FemLink WONDER коллажы, 2014).
Д. Юнның көркемсурет жұмыстары Қазақстанда және шетелде жобаларда қойылған: «Толеранттық үйі» (Сорос қорының заманауи өнер орталығы, Алматы, 2008), “East of Nowhere” (Fondazione 107, Турин, 2009), “Apples in Bushwick” (The Living Gallery BK , Бруклин, 2013), Video večer / Video Evening #18 (Photon Gallery, Любляна, 2018).
Д. Юн туралы ақпарат Documentation жобасының коллекциясында — Алматыдағы Сорос қорының заманауи өнер орталығында сақтаулы.
Суреттер Time.kz сайтынан алынған