
Заманауи қазақстандық өнерпаз. Оның жеке шығармаларының қатарында мүсіндер, инсталляциялар және нысандар бар. Өнерпаз шығармашылығындағы негізгі әдістер: ирония, абсурд, сюрреализм, символизм және коллаж. Басты тақырыптары: күнделікті өмір, авторитарлық, билік, жеке мен қоғамның қайшылығы.
Г.Трякин-Бухаров Қазақстан архитекторлар одағы жанындағы сурет студиясы курстарына (1967-1968 жылдар) қатысты, Мәскеу жоғары көркемсурет-өнеркәсіп училищесінде (1982-1983 жылдар) еркін тыңдаушы болды және Алматы театр-көркемөнер институтының архитектуралық-декоротивтік пластика бөлімінде (1983-1987 жылдар) оқыды. Өнерпаздың алғашқы марапаттары — «Қиылыс» көрмесінде (Алматы, 1989) Калмыков атындағы диплом мен медаль.
Г.Трякин-Бухаров трэш-мүсіндер жасау барысында кинетикалық элементтерді пайдаланып, ескі әрі қажетсіз заттарды апсайкл тәсілімен қайта өңдейді. Ол өз еңбектерінде репрессия тақырыбын («Геноцид», 1989), заманауи қоғам жайлы ойларын («ХХ ғасыр реквиемі», 1990) және ондағы өнерпаздың рөлін («Суретшінің терісі» жобасы, 1996) көтереді. Өнерпаз өңірді «белгісіз аймақ» ретінде қабылдау туралы («Ақ түйе», 1990 жылдар) айта отырып, үй ұғымына күмәнмен қарайды («Үй», 1990 жылдар).
Г.Трякин-Бухаровтың көркем туындылары: БейDecorative Art көрмесі, ВДНХ (Мәскеу, 1974); «Қиылыс» (Алматы, 1989); «Рустам Хальфиннің кескіндемесі мен Георгий Трякин-Бухаровтың мүсіндері» (Алматы, 1997); Trans Forma (Женева, 2002); Алматыдағы ARTBAT FEST фестивалі (Алматы, 2008-2017 жылдар); Eurasian Utopia: Post Scriptum жобасы (Оңтүстік Корея, 2018) атты көрмелер мен жобаларда ұсынылған.
Г.Трякин-Бухаров пен оның жұмыстарының фотосуреттері туралы ақпарат Сорос-Алматы қоры Заманауи өнер орталығы (СЦСИ) мұрағаты — «Documentation» жобасы коллекциясында сақталған.
Суреттер Aspan Gallery сайтынан алынған