Category:
Bio
Молдақұл Нарымбетов
Year
1948–2012
Place of birth
Глаба Сай ауылы, Қазақстан (бұрынғы Өзбекстан) – Алматы, Қазақстан

Заманауи қазақстандық өнерпаз, Kyzyl Traktor арт-тобының негізін қалаушы. Оның туындылары: графика, кескіндеме, музыкалық аспаптар, мүсіндер, инсталляциялар мен перформанстардан тұрады. Шығармашылығындағы негізгі әдістер: деконструктивизм, семиотика, импровизация, эксперимент, сюрреализм. Негізгі идеялар: мәдени кімдікті іздеу, шамандық, ұжымдық және дербестік, күнделікті өмір. 

М.Нарымбетов Бенков атындағы Ташкент көркемсурет училищесінде (1974) және Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтының көркемсурет-графика факультетінде (1990) білім алған.

М.Нарымбетов өз тәжірибесінде жергілікті мифологияларды еуропалық авангард өнердің топырағына көшіреді («Матисстің биі, Қызыл Трактор тобы», 2000) және оларды заманауи контекске лайықтайды («Балдың 100 балы», 2012). Ол кескіндемеде түспен («Ауыл», 2007) және мүсінде пішінмен, мәселен, музыкалық аспаптарды («Барабан-фортепиано», 2000) жасауда тәжірибе жүргізеді. М.Нарымбетов мүсіндер («Апашка», 1997–1998) мен инсталляциялар (Молдақұл Нарымбетов пен Ганс Ангерердің перформансы үшін, «Жетінші аспан туралы темір мен ағаштың диалогтары», 2001) жасауда тері, ағаш, киіз сияқты жергілікті материалдарды қолданады. Аталған жұмыстың барлығы өнер мен өмірдің тоғысуы идеясын негізге алады. 

М.Нарымбетовтың өнер туындылары Қазақстанда және шетелде қойылған: жеке көрме  (Ball Ball Gallery, Шымкент, 1994), жеке көрме (Ә. Қастеев атындағы ҚР ММ Алматы, 2012), ARUAQTIN TUSI (Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі, Астана, 2017), «Көк немесе жасыл-көк фондағы қара құйындар» (Эрарта, Санкт-Петербург, 2018), «Тақыр – Кракелюр» (2024 ж.).  Kyzyl Traktor аясында ол «Шымкент-Трансавангард» («Кафедралды шіркеу» көрме залы, Алматы, 1990), Transzedenz (Kunsthalle, Вена, 2000), Прага квадриенналесі (2003, Прага), “Sound OFF” (Korkut үн өнері Триенналесі, Ықылас атындағы халық аспаптар музейі, Алматы, 2024) сынды көрмелерге қатысты. 

М.Нарымбетов туралы ақпарат пен оның жұмыстарының фотосуреттері «Целинный» заманауи мәдениет орталығы мен M HKA заманауи өнер музейі әзірлеген Şağylys коллекциясы — «Documentation» жобасы коллекциясында сақталған.

Суретті түсірген — Арыстанбек Шалбаев