Category:
Bio
Рустам Хальфин
Year
14.10.1949 – 31.12.2008
Place of birth
Ташкент, Өзбекстан – Үңгіртас, Қазақстан

Қазақстанның заманауи суретшісі, «Азия-Арт» галереясының кураторы (1996 жылдан), «Нулевой уровень» арт тобын (1990-жылдардың соңы) және “Look Gallery” заманауи өнер галереясын құрушылардың бірі (Лидия Блиновамен бірге, 2001 жылға дейін).

Шығармашылығында кескіндеме, графика, инсталляциялар, нысандар, перформанс, видео-арт және фотосурет бар.

Р.Хальфин тәжірибесіндегі негізгі тәсілдер: абстракционизм, символизм, метафора, арандату, эксперимент.

Негізгі тақырыптары: дене, тарихи жады, мәдени болмыс, көшпелі тұрмыс, бостық пен толықтық.

Р. Хальфин Мәскеу сәулет институтын (Мемлекеттік академия, МАРХИ, 1967–1972) бітірген соң, Геннадий Зубковтың жетекшілігінде тәжірибе жинақтаған. Қалалық ортаны жобалауға қатысқан (1972–1983): мысалы, ірі панельді 5-9 қабатты тұрғын үйлер сериясы  (Алматы, 1980–1981), сонымен бірге суретші әрі куратор ретінде қызметін жалғастырған. Көзі тірісінде айналасында шәкірттері мен ізін жалғаушылардың ортасы қалыптасты, ал 2021 жылы мұрагері Руслан Хальфин Рустам Хальфиннің мұрасы қоры мен «Look Gallery» цифрлық мұрағатын ашты.

Р. Хальфин кескіндеме туындыларында абстракция көмегімен жады, дене және тактильдік тәжірибе зерттеулері басым («Арқасы жалаңаш әйел» 1986, «Шабандоз құрметіне. Жайлы ертоқым», 1997–1998). Ол абстрактілі түсініктен көрнекі образ іздейді («Уақыт шуы» 1993-96), өткен уақыттағы танымал туындыларға өзінше көркем интерпретация жасайды («Менин» вариациясы 1992–1999, «Сезанн құрметіне» 1990 жылдар), ориентализм мәселесін көтереді, тарихи жадыны қалпына келтіруге тырысады («Солтүстік варварлары». 2-бөлім. Махаббат жарысы», 2000) және адамдардың басы бірікпейтіні туралы, соның ішінде Алматыдағы көркемсурет қауымдастығының бытыраңқылығын суреттейді («Сазбалшық жобасы. Нөлдік деңгей», 1999). Хальфин шығармаларының символдық мәнін түсіну үшін өзі ойлап тапқан, қолды түйген кезде пайда болатын қуысты білдіретін «пулота» тұжырымдамасын түсіну маңызды («Алақан мен Пулота» 1994).

Р. Хальфиннің көркемсурет жұмыстары Қазақстандағы және шетелдегі жобаларда қойылды: «Төртеудің көрмесі» (пәтер, Алматы, 1981), «Рустам Хальфин. Кескіндеме» (Т.Н. Глебованың бұрынғы шеберханасы, Санкт-Петербург, 1985), «Адам құқығы: Terra incognita» (Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің бизнес клубы, Алматы, 1997), “Off the Silk Road: No Mad’s Land” («Haus der Kulturen der Welt», Берлин, 2002), “Nordic Nomads” («Contemporary Art Centre», Вильнюс, 2003), 51‑ші Венеция биенналесі (Венеция, 2005), “Rustam Khalfin Retrospective: Love Races” (White Space Gallery, Лондон, 2007), «Евразиялық утопия» (ЗӨМО, Мәскеу, 2016).

Р. Хальфин туралы ақпарат «Documentation» жобасының коллекциясында — Алматыдағы Сорос қорының заманауи өнер орталығында сақтаулы.

Сурет Рустам Хальфин мұрасы құрынан ұсынылды