No items found.
СЗӨО (Сорос-Алматы Қорының ЗӨО)
Кезең
1998–2010
Орналасуы
Алматы, Қазақстан
Мұрағат материалдары
394
СЗӨО — 1998 жылдан 2010 жылға дейін жұмыс істеген және қазақстандық заманауи өнердің маңызды бастау нүктесі болған Cорос-Алматы қорының заманауи өнер Орталығының мұрағаты. 2021 жылдан 2025 жылға дейін Целинный командасы аталған мұрағатты цифрландыру, жүйелеу, атрибуциялау және заңды түрде қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыс істеуде. 
‍
Коллекция сол кездегі көркемдік процестің негізгі оқиғалары мен тұлғаларын қамтиды: афишалар, анонстар, көрмелер, байқауға өтінімдер, шақыру билеттері, сыни мақалалар, өнерпаздардың өмірбаяндары, туындылардың фотосуреттері және т.б. Мұрағатта барлығы — 38 суретші туралы материалдар, 10 арт жобалар папкасы, көрмелер, буклеттер мен ашылу материалдары бар 44 қосымша папка, 193 таспалы негативтер, 59 фотосурет және 33 DVD дискілері, сондай-ақ VHS бар.  
‍
Бұл мұрағат — сақталған тарих қана емес, сонымен қатар Қазақстанның заманауи өнері алаңындағы жаңа зерттеулерге, қайта қарауға және жаңалықтарға арналған кеңістік болып саналады.
Biographies
No items found.