ХХ ғасыр мен жаңа замандағы Иран мәдениеті туралы дәрістер циклі: кино, театр, поэзия

ХХ ғасыр мен жаңа замандағы иран мәдениеті туралы дәрістер цикліне шақырамыз. Үш кездесу барысында шығыстанушы-ирантанушы, парсы тілінен аудармашы, заманауи мәдениет зерттеушісі және Иран тәуелсіз театрының кураторы Юлтан Садықова иран киносы, театры мен поэзиясы, олардың тарихы, негізгі тұлғалары мен көркемдік ізденістері туралы баяндайды.
Бұл цикл иран мәдениетінің күрделі, жанды әрі көпқабатты алаң ретінде көруге мүмкіндік береді. Әр дәріс жекелеген бағытқа арналады, десе де олар бірге көркемдік тіл, мәдени жад, цензура, модернизация және тәуелсіз сахна туралы мейлінше кең әңгімеге арқау болады.
Юлтан Садыкова — шығыстанушы-ирантанушы, парсы тілінен аудармашы, заманауи өнер зерттеушісі және Иран тәуелсіз театрының кураторы. 1988 жылы Қазанда дүниеге келген. М.В.Ломоносов атындағы ММУ-дің Азия және Африка елдері туралы Институтының түлегі. Заманауи иран поэзиясы антологиясын құрастырушы және аудармашы, Шахрнуш Парсипурдың «Еркексіз әйелдер» романын, Шахзода Назарова-Самарқандидің «Стокгольм синдромы» және «Аналар жері» романдарын аударған. Владимир Маяковскийдің туындыларын, сондай-ақ Милорад Павичтің «Хазар сөздігі», Павел Бажовтың «Аңыз-әңгімелерін», Михаил Кузминнің «Алабалық мұз жарады» және «Александриялық әндер» циклін парсы тіліне аударған. Тегеранда тұрып, жұмыс істейді.
Цикл бағдарламасы
24 мамыр, жексенбі, 17:00
Иран киносы
Алғашқы дәріс Иранда киноның пайда болуына, революцияға дейінгі деректі фильмдерге, авторлық киноға және Ферейдун Рахнем, Парвиз Кимьяви, Арби Ованесян, Эбрахим Голестан, Дарьюш Мехрджуйи, Камран Ширдель, Аббас Киаростами, Мохаммад Реза Аслани, Бахрам Бейзайи, Амир Надери, Насер Таквайи и Сохраб Шахид-Салесс сынды көрнекті иран режиссерлерінің культтік туындыларына арналады. 1980 жылдардың соңына қарай халықаралық фестивальдерде топ жарып жүрген және әлі күнге тұғырдан түспеген иран киносына деген қызығушылық басты назарда.
31 мамыр, жексенбі, 17:00
Иран театры
Екінші дәріс Иранда батыс үлгісіндегі театрдың дамуын, алғашқы театрлық труппалар тарихын, Абдолхосейн Нушиннің Фердоуси театрын, Бахрам Бейзайидің ұлттық эпикалық драмасын, авангардтық ағымдар мен Шах дәуіріндегі Иранның негізгі фестивальдерін қарастырады. 1979 жылғы Ислам революциясынан кейін ирандықтардың театрлық эстетиканы қалай қайта пайымдағанына және қазіргі діни цензура жағдайында театрдың қалай өмір сүретініне ерекше назар аударылады.
7 маусым, жексенбі, 17:00
Иран поэзиясы
Үшінші дәріс Иранның Жаңа поэзиясы — «Шере ноуға» және Нима Юшиджден кейінгі ақындарға арналады. Кездесуде әлемге танымал авторлармен қатар ұмыт бола жаздаған немесе аса танымал емес есімдер туралы да сөз болады. Бағдарламада — поэтикалық авангард, «Жаңа толқын», «Басқа поэзия», Espacementalisme, «Жаңа поэзия» және заманауи жас авторлар туралы айту, сондай-ақ Ахмад Шамлу, Сохраб Сепехри, Форуг Фаррохзад және т.б ақындардың аудармаларын оқу қарастырылған.
Бір дәрістің бағасы — 4 000 теңге. Барлық циклді сатып алу құны — 10 000 теңге. Барлық кездесу Алматыдағы Масаншы, 59 мекенжайында орналасқан Целинныйдың екінші қабатындағы Ателье білім беру кеңістігінде өтеді. Дәрістер орыс тілінде өтеді.