Ал енді өзіміз шай ішейік!

«Ал енді өзіміз шай ішейік» жинағы — бұл жазушы әйелдер қоғамдастығының тәуелсіз горизонтал жобасы. Ол өзіндік басып шығару форматында шығады және қоғамдастықтың — авторлар, редакторлар, суретшілер мен дизайнерлердің күш салуымен жүзеге асқан. Мұндай формат кітапты өз шарттарымен жинақтауға, мәтіндердің жанды сөйленісін, авторлық мәнері мен жобаның тәуелсіз сипатын сақтауға мүмкіндік береді. Кітапқа поэзия мен прозада 22 мәтін орыс және ағылшын тілдерінде енген. Авторлар әжелері мен арғы әжелері, текте ұмыт болған есімдер, балалық шақ тілі, көші-қон, үй, дене, ана болу, бой жету, сексуалдылық, күйзеліс, Ашаршылық және ядролық сынақ мұралары туралы қалам тербейді. Жинақ географиясы да ауқымды — мәтіндерде Кентау, Берлин, Ферғана аңғары, Стамбұл, Киев, Арал өңірі және басқа қалалар мен өңірлер қамтылған. Танытым барысында кітаптан алынған бірнеше мәтін оқылады.
Оқылым қатысушылары:
Эльмира Қақабаева — журналист, әлеуметтік антрополог, жазушы, әйелдерге арналған «Отбасылық этнография немесе өз жазуыңды қалай отарсыздандыруға болады» жазушылық онлайн курсының негізін салушы; Қазақстандағы 2022 жылғы Қаңтар көтерілісіне арналған Qantar.Jazylu әдеби жобасының негізін салушылардың бірі және редакторы. «Рұқсатсыз» және «Әйелдің сексуалдығы туралы хикаялардың кішкентай кітабы» (No Kidding Press) әңгімелер жинағында, Апполинарий және Mumbermag журналдарында жарияланған.
Айдана Сұлтан Алматыда тұрады, кейінгі төрт жылда өлең жазады. Ол негізінен комплекске толы отбасылық қатынастар, әпкелі-сіңілі қатынастар және coming-of-age тақырыптарын қаузайды. Білім беру және мәдени жобалар әрі фестивальдермен айналысады.
Қыял Түкембаева Қырғызстандағы Мин-Куш ауылының тумасы. Бірнеше онлайн басылымда оның саяхаттары мен басқа да әсерлері туралы бірқатар жазбасы жарық көрген. Ол ХХ ғасырдағы маңызды оқиғаларды бейнелеп, айшықтай алатын үлкен әулетінің оқиғасын жазуды жоспарлап жүр.
Әсел Шайх Кентау тумасы, Лос-Анжелесте тұрады, киноиндустрияда аудармашы болып жұмыс істейді.
2025 жылдан бері белсенді жазып жүр. Оның әңгімелерінің бірі Aina Stories журналының арнайы санында басылып шыққан. Оны жад, жоғалту, қостілділік, үй, көші-қон және өзін іздеу тақырыптары қызықтырады.
Нигора Эгамберди — Біріккен Ұлттар Ұйымының бұрынғы қызметкері, қазіргі уақытта Джонс Хопкинс университетінде консультативтік психология саласында магистратурада білім алуда. Орталық Азия тумасы, өз шығармашылығында кімдік, орын ауыстыру және тұрақтылық тақырыптарына жүгініп, өмірлік тәжірибесі мен әртүрлі мәдени контекстердегі жұмыс тәжірибесіне арқа сүйейді. Бұл оның алғашқы қысқа әңгімесі. Өз мәтіндерінде ол Азия әйелдерінің көпқабатты тәжірибесіне дауыс беруге тырысып, олардың жұмыспен, отбасымен және тиесілі болу сезімімен қалай қарым-қатынас құратынын зерттеуге тырысады.
Оқылымдар орыс және ағылшын тілдерінде өтеді.
Кіру тегін.