Алматы және Жапония сабақтары

Пiкiрталас
19.10.2018
Tselinny

«Целинныйда» сәулет өнеріне арналған «Алматы және Жапония сабақтары» шығармашылық кеші өтеді. Талқылау барысында жапондық сәулет тарихшысы  Йошихиро Йокоте және Қазақстанның еңбек сіңірген сәулетшілері Алмас Ордабаев пен Александр Коржемпо Алматының 1960-80 жылдардағы сәулет өнерін, сондай-ақ сол кезеңдегі жобаларға жапон сәулет өнерінің ықпалын талқылайды.

«Ауыр темір пердеге» қарамастан, соғыстан кейінгі кеңестік Алматының сәулетшілері оқшау жұмыс істемеді. Оларға халықаралық сәулет баспасөзі қолжетімді болды әрі КСРО-ны (жиі) шарлап, шетелде саяхаттады. Олардың идеялары әлемдік сәулет өнеріндегі негізгі тақырыптар мен тенденцияларға толық сәйкес келді”. 

КЕСТЕСІ:

17:00 - 18:00. Japanese Architecture 1960 - 1990. Modernism in Bloom and its Cultural Heritage Value. Йошихиро Йокотенің дәрісі (Жапония). Аудармашының қатысуымен.

18:00 - 18:30. «1960-80-ші жылдардағы Алматының архитектурасы». Сәулетші Алмас Ордабаевтың баяндамасы.

18:30 - 19:00. «Жобалар». Сәулетші Александр Коржемпоның баяндамасы.

19:00 - 19:30. Пікірталас. Спикерлер: Сергей Мартемьянов, ArchCode, Анатолий Анчугов.

No items found.