Акустикалық және электрондық дыбыс интеграциясы тәсілдері

Бұл екі күндік уоркшоп акустикалық аспаптар, электрондық процесстер және дыбыспен нақты уақытта жұмыс істеуді біріктіретін гибридті дыбыс практикаларына арналған.
Алғашқы күн танытым мен талқыға арналады. Синна Пейгами өзінің көркемдік практикасын таныстырып, өзінің сетапын көрсетіп, жұмыс үлгілерін ортаға салады. Қатысушылар сұрақ қойып, өздерінің дыбыс пен музыкалық процесске қатысты төл тәсілдерін талқылай алады.
Екінші күн практикаға арналады. Қатысушыларға өз аспаптарын немесе кез келген дыбыс нысанын алып келіп, оның электронды құрылғылармен үйлесімін тәжірибеден өткізіп көру ұсынылады. Сабақ барысында импровизация, тыңдалым және әртүрлі дыбыс көздерінің өзара байланысы зерттеледі.
Арнайы дайындық талап етілмейді. Қатысушыларға уоркшоптың екінші күніне аспап немесе дыбыс шығаратын кез келген нысан алып келген жөн.
Синна Пейгами — Парижде тұратын франко-ирандық перкуссионист, композитор және саунд әртіс. Оның практикасы акустикалық және электрондық дыбыстың импровизациясы мен өзара әрекеттестігіне шоғырланған. Қолдан жасалған аспаптармен және модульдік жүйелермен жұмыс істей отырып, ол томбак сияқты дәстүрлі ұрмалы аспаптарды эксперименттік электрондық процесстермен үйлестіріп, дыбыстың нақты уақыттағы трансформациясын зерттейді.
Орын саны: 8 адамға дейін
Тілі: ағылшынша
Бағасы:
— екі күндік уоркшоп: 6 000 тг
— толық абонемент (4 уоркшоп, II Korkut Sonic Arts Triennale): 20 000 тг