«Архитектуралық ландшафты мұрағаттау» ArchCode Almaty қауымдастығынан
Студенттер, сәулетшілер, зерттеушілер, жаңадан бастаған өлкетанушылар мен сәулет өнері және қала ортасын зерттеуге қызығушылық танытатын кез келген адамды шақырамыз! Ертең сағат 11:00-ден 17:00-ге дейін ArchCode Almaty қауымдастығының “Архитектуралық ландшафты мұрағаттау” сериясы аясында бірінші шеберлік сабағы өтеді. Тақырыбы: “Архитектуралық ландшафты тарихи хаттау”.
Не туралы айтамыз:
- Бүгінгі Алматыда бізді қандай архитектуралық ландшафт қоршап тұр және ол неден жасалған?
- Ғимараттың белгілі бір элементі, жақтаудағы символдар нені білдіреді, олардың мәні қандай?
- Қаланың архитектуралық ландшафтын картаға қалай және неліктен түсіру керек, алынған карталарды қалай оқу керек?
-
Біз не істейміз:
1) Түрлі ақпарат құралдарын пайдалана отырып, қаладағы белгілі бір жердің хронологиясын зерттеп, қайта жасаймыз.
2) Әрбір қатысушы «Целинный» кинотеатрының айналасындағы аумақтың өзіндік таймлайнын жасай алады, сондай-ақ оны басқа қатысушылардың таймлайнымен салыстырып, олардың қайда түйісетінін көре алады.
3) “Жер жадын жекелей пайымдау” түсінігімен, таймлайндардың, яғни ұжымдық “орын жады нүктелерінің” түйісуімен іс жүзінде танысу.