Шығармашылық серуендер және саунд-арт жасау

09.10–08.11.2025
Балалр мен жасөспірімдерге
Целинный

Алматыны тек көріп қана қоймай, естуге де болады. Курс барысында біз қаланың көше ырғағы, әңгімелерден үзінділер, көліктердің шуылы, аулалардың сыбдыры өзіміз пайдаланатын материалға айналатын ашық шеберхана қалыптастырамыз. Қатысушылар далалық жазбалар жасайды, әртүрлі кеңістіктердің акустикасымен жұмыс істейді, қала өмірі мен сәулет ырғағын зерттейді.

Қатысушылар жиналған дыбыстардан аудиоколлаждар мен саунд-нысандар жасайды. Өз кезегінде, визуал зерттеулер — скетчтер, карталар мен табылған заттар қаланың дыбыстық картинасын толықтыруға көмектеседі. Қала жасөспірімдердің дауысымен үн қататын бірлескен саунд-арт альбом курстың нәтижесі болмақ. Курс тәжірибені немесе арнайы білімді талап етпейді — тек зейін қою, қызығушылық және қала мен өз идеяларын тыңдауға дайын болу жеткілікті. 

Курс нәтижесі: қаланың жинақталған дауысынан тұратын бірлескен  саунд-арт альбом. 

Өтетін орны: «Целинный» заманауи мәдениет орталығындағы Atelier, Масаншы көшесі, 59, Алматы. Сабақ студияда өтеді және қаладағы серуенді де қамтиды. 

Курс тілі — орысша.

«Freedom Bank-пен шығармашалық зертхана» бағдарламасы курсына қатысу тегін — гранттар Freedom Bank қолдауымен беріледі. Өтінім беру үшін Орталықтың сайтындағы форманы толтыру қажет. Қатысушыларды іріктеу кезінде біз материалдық көмектің қажеттілігін (оның ішінде көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан жасөспірімдерді), өтінімнің мұқият дайындалуын және аталған курсқа қатысу қаншалық маңызды әрі алған білімі мен тәжірибесін қалай пайдалануды жоспарлауды қамтитын мотивациясын ескеретін боламыз.

Тәлімгерлер:

Лена Андерсон  — өнерпаз, арт-терапевт, реджио-педагог және сәулетші, «директивті емес арт педагогика» тәсілінің негізін салушылардың бірі, балалар мен ересектерге арналған арт-топтар мен арт-медиациялардың жетекшісі. 

Рашид Садреев — moñsu лақап атымен танымал музыкант және педагог. Ол композициямен, саунд-дизайнмен және лайвкодингпен айналысады, видео ойындарға музыка жазады және генеративті музыканы пайдаланып перформанстар жасайды. 

Курсқа қатысты сұрақтарыңыз болса, learning@tselinny.org электрондық поштасына жазыңыз.

No items found.