Балаларға арналған «Документация» арт-шеберханасы

Медиация – бұл өнерпаздың жұмысын практикалық қызмет пен диалог арқылы зерттеу. Біз бұл балаларға әдеткі экскурсиядан өзгеше пайдалы тәжірибе деп санаймыз. Ойын, қозғалыс, жарық және әртүрлі материалдармен жұмыс істеу арқылы шығармашылық ойлауды, кеңістіктік қиялды және өнер мен бізді қоршаған әлем арасындағы терең байланысты көру қабілетін дамытады. Балаларыңыз тек тамашалап қоймай, төл шығармашылық әлеуетін ашып, зерттеуді және жасауды үйренеді.
Біз 6 жастан 10 жасқа дейінгі балаларды желтоқсанда өтетін «Документация» сабақтар сериясына шақырамыз. Біз жылдар бойы қызыл жіптей жалғасып, болашақта тірек бола алатын суреттер, фотосуреттер, эмоциялар, естеліктер мен кішкентай «құпиялардан» тұратын — Балалар мұрағатын жинайтын боламыз.
Біз өз жұмысымызда көрме кураторы Әсел Рашидованың: таңдамалылық, сақтау эстетизациясы және балалар процесс барысында жүзеге асыратын дүниелерден ортақ нарратив жасау дейтін тәсілдеріне арқа сүйейміз.
Сондай-ақ желтоқсан айындағы сабақтарға суретші және каллиграфия шебері Лена Шахматова жүзеге асырған көрменің дизайны шабыт берді.
Бағдарлама 4 сабақтан тұрады:
- «Қызыл жіп» (Сенбі, 6 желтоқсан, 15:00) — Заттар мен сезімнің өлшемі қандай? Қызыл жіпті байланыс символы есебінде қолданып, нысандар мен эмоциялар өлшемімен жұмыс істейміз.
- «Іздер» (Сенбі, 13 желтоқсан, 11:00) — Мұрағат жинаушы ретінде мен кіммін? Гипс және саз сияқты материалдармен жұмыс істеу арқылы өз іздеріміз бен ізтаңбаларымызды зерттейміз.
- «Оқиғалар картасы» (Сенбі, 20 желтоқсан, 11:00) — Менің оқиғам қалай қалыптасады? Өзіміз үшін бағалы оқиғаны белгілеп, бейнелеу арқылы өміріміздің жеке картасын жасаймыз.
- «Жәшік» (Сенбі, 27 желтоқсан, 11:00) — Мұрағатта не сақталады? Өзіміздің мұрағат жәшігімізді таңдап, оның әлеуетті мазмұнын зерттеп, коллаж техникасында өз мұрағат нысанымызды жасаймыз.
Жүргізуші: Лена Андерсон — өнерпаз, арт-терапевт, реджио-педагог, сәулетші.
Ұйымдастыруға қатысты ақпарат:
- Әр сабақтың ұзақтығы: 1,5 сағат.
- Бір сабақтың ақысы: 5000 теңге.
- Өтетін орны: «Целинный» заманауи мәдениет орталығы Ательесі, Масаншы көшесі, 59, 2-ші қабат.
- Сабақтар орыс тілінде өтеді.