«Көктен жерге дейін» балаларға арналған арт-шеберхана

Медиация – бұл өнерпаздың жұмысын практикалық қызмет пен диалог арқылы зерттеу. Біз бұл балаларға әдеткі экскурсиядан өзгеше пайдалы тәжірибе деп санаймыз. Ойын, қозғалыс, жарық және әртүрлі материалдармен жұмыс істеу арқылы шығармашылық ойлауды, кеңістіктік қиялды және өнер мен бізді қоршаған әлем арасындағы терең байланысты көру қабілетін дамытады. Балаларыңыз тек тамашалап қоймай, төл шығармашылық әлеуетін ашып, зерттеуді және жасауды үйренеді.
Біз 6 жастан 10 жасқа дейінгі балаларды қараша айында өтетін «Көктен жерге дейін» сабақтар сериясына шақырамыз. Асиф Ханның артефактілері мен суреттерін зерттеу арқылы қатысушылар болашақ ғимараттары бой көтеретін өз жерлері мен бұлттарын жасайды.
Бағдарлама 5 сабақтан тұрады:
- Жер (Сенбі, 1 қараша, 15:00) Өткеннің ізін, тамырды, тастарды, тарихты сақтайтын негізге арқа сүйейтін жер идеясымен танысамыз. Практика барысында сазбен жұмыс істеуді үйренеміз.
- Аспан (Сенбі, 8 қараша, 15:00) Бұлттар және жұлдыздарға толы «аспан картасын» жасаймыз. Аспанның қозғалысын көру үшін оверхед-проекторды қолданып, жарық және көлеңкемен ойнаймыз.
- Көкжиек (Сенбі, 15 қараша, 15:00) Көк пен жер арасындағы көрінбейтін сызықты зерттеп, олардың байланысын сақтап тұрғандардың суретін саламыз. Көрінетін, көрінбейтін, қисық, қосарлы, айрықша сызықтармен тәжірибе жасаймыз.
- Архитектура (Сенбі, 22 қараша, 15:00) Өз ғимараттарымызды салып, бір-бірімізге қонаққа бару үшін оларды жолмен байланыстырамыз. Ауқымды жобалау принциптерін меңгереміз.
- Адам (Сенбі, 29 қараша, 15:00) Кейіпкерлерді салып, олардың мекендеу ортасын қозғалыс, ойын және кішігірім театрлық импровизациялар арқылы ойлап табамыз.
Жүргізуші: Лена Андерсон — суретші, арт-терапевт, реджио-педагог және сәулетші.
Ұйымдастыруға қатысты ақпарат:
- Әр сабақтың ұзақтығы: 1,5 сағат.
- Бір сабақтың ақысы: 5000 теңге. 5 сабақты қамтитын курстың толық ақысы: 20 000 теңге.
- Өтетін орны: «Целинный» заманауи мәдениет орталығы Ательесі, Масаншы көшесі, 59, 2-ші қабат.
- Сабақтар орыс тілінде өтеді.
Билеттерді сілтемеге өтіп, сатып ала аласыздар.