Артист-ток: Айсұлтан Сейіт

15 қараша сағат 16:30-да Целинныйдағы ORTA 1 кеңістігінде режиссер Айсұлтан Сейітпен артист-ток өтеді.
Кездесуде Айсұлтан өзінің шығармашылық жолы, Орталықпен әріптестігі және Орталық Азия өнерпаздары мен әртістерін біріктіретін видео жұмысын көрсеткен Бұхара биенналесіне қатысуы туралы әңгімелейді. Ол сондай-ақ Целинный — тек өнер кеңістігі ғана емес, сонымен қатар кездесу, қарым-қатынас және шабыт мекені екенін көрсететін Орталықтың ашылуына орай түсірген TSELINNY қысқаметражды фильмінің тарихын айтып береді. Фильмге дизайнер — Евгения Ким (J.Kim), диджей — Назира Қасенова, суретші — Сәуле Сүлейменова, “Steppe Sons” музыкалық ұжымы және Қазақстан, Қырғызстан мен Өзбекстандағы шығармашылық саланың басқа да өкілдері қатысты.
Айсұлтан өнер мен киноның өзара байланысын, сондай-ақ визуал тілдің Орталық Азияда жаңа мәдени байланыстарды орнатуға қалай көмектесетінін баяндайды.