Артис-ток: Törteu

08.11.2025
Дәріст, пікірталас
Целинный

8 қараша сағат 15:30-да ORTA 1 кеңістігінде төрт қазақстандық дизайнер:  Әсем Сапарғали, Расул Социал, Алмас Керімбек және Абзал Сейдіннің бірлестігі — Törteu ұжымының қатысуымен артист-ток өтеді. 

Кездесу барысында қатысушылар BARSAKELMES  перформансына арнап тігілген костюмдердің концепциясы және оларды жасау процесі туралы айтады. Талқы қазақ және орыс тілдерінде аралас форматта өтеді.

Törteu ұжымы өздерінің пәнаралық тәсілі, fashion-перформанстармен тәжірибе жасау, кімдік және өзін-өзі таныту еркіндігіне негізделген айрықша образдар жасаумен танымал. Дизайнерлер мифология және мәдени мұрадан шабыт алады, десе де ұжымның әр мүшесі өзіне тән ерекше көркемдік стилін сақтайды.

Қонақтар дизайнерлердің шығармашылық жолы, олардың шабыт көзі мен костюмдерге негіз болған мән-мағына туралы хабардар болып, сондай-ақ өз сұрақтарын қоя алады.

Артист-токтың модераторы — сән мен дизайн саласындағы мамандарды біріктіретін Flashka жобасының негізін салушы — Айнұр Әбуғалиева. Ол түсірілімдерге продюсерлік етеді, мәдени бастамалар мен коллаборациялар ұйымдастырады.

No items found.