Artist Talk with Saodat Ismailova
Саодат Исмаилова - өзбекстандық режиссер, бейне суретші және зерттеуші. Оның жұмысы Венеция биенналесінде, Кассельдегі documenta 15, Берлин мен Роттердамдағы кинофестивальдерде және Помпиду орталығында көрсетілді. Біз Саодатпен сәтті әріптестік орнатқан едік: біз оның 59-шы Венеция биенналесінде ұсынылған «Чиллахона» атты жаңа туындысына қолдау білдірдік, сонымен қатар Korkut биенналесі бағдарламасы аясында өткен Horizon онлайн-антологиясының тұсаукесерінде «Два горизонта» фильмін екі рет көрсеттік. 24 желтоқсан күні сағат 16:00-де өтетін артист-токта сөз алатын @saodatismailova өз жұмысының тұжырымдамалық-ғылыми тұсын ашып, фандрейзинг пен институциялармен жұмыс істеу сынды мейлінше тәжірибелік тарабын да әңгімелеп береді - бұл өз кезегінде біздің бірлескен іс-әрекетіміздің заңды жалғасы.