Целлофан живописі бойынша Сәуле Сүлейменованың шеберлік сыныптары сериясы

Желтоқсанда Целинныйда суретші Сәуле Сүлейменованың BARSAKELMES перформансынан шабыт алған SU және JER атты екі тегін шеберлік сыныбы өтеді. Шеберлік сыныптары ым-ишара тілінде ілеспе аудармамен сүйемелденеді.
- 14 желтоқсан сағат 13.00-ден 16.00-ге дейін су тақырыбына арналған SU ашық шеберлік сыныбы өтеді. Бұл шеберлік сыныбы түс және пластик қалташаларды пайдалану арқылы суды тірі табиғат күші ретінде шығармашылық тұрғыда бейнелеуді қамтиды.
Қатысушыларға өзімен бірге көгілдір, көк, көкшіл, күлгін, жасыл және ақ — яғни сумен байланысты кез келген пластик қалташалар алып келу ұсынылады. Сабақ барысында Сәуле Сүлейменова аталған қалташалардан элементтерді қиып алып, қалың пленкада өз туындыларын құрастыруға болатын бірдей дайын үлгілер дайындайды.
Біз жасы мен дайындық деңгейіне қарамастан, қатысуға ниетті кез келген жанды шақырамыз, SU уоркшобына аталған сілтеме бойынша тіркелуге болады.
- 18 желтоқсан сағат 13.00-ден 16.00-ге дейін Сәуле Сүлейменованың жердің қуаты, қайғысы мен қуанышына арналған JER шеберлік сыныбы өтеді.
Қатысушыларға алдын ала сары, сарғыш, сарғылт-қоңыр, қою қоңыр сынды жылы түстегі қалташаларды жинап, өзімен бірге алып келу ұсынылады. Шығармашылық жұмысты жасау барысында қатысушылар жердің қуаты мен маңызы, қазақ халқының өміріндегі жердің тарихи және концептуал рөлі туралы талқылай алады. Аталған уоркшоптың аудиториясы – есту қабілеті бұзылған балаларға арналған №1 мектеп интернаты оқушылары.
Екі уоркшоптың қатысушыларына қайшы, кескіш, силикон пистолеттер, алдын ала дайындалған формалар беріледі жәнеі әр қатысушы өзіне ыңғайлы ырғақта жұмыс істей алады. Қатысушылар қаласа,туындыларды ортақ ауқымды кенепке біріктіруге болады.
Уоркшоптар есту қабілеті бұзылған жандарға сай бейімделеді.
Уоркшоптардың жүргізушісі: Сәуле Сүлейменова — заманауи қазақстандық суретші, Қазақстан суретшілер Одағының мүшесі.
Ым-ишара тіліне аударманы Регина Коржикова жүргізеді.
Екі уоркшоп та Масаншы, 59 мекенжайында орналасқан Целинныйда, орталықтың екінші қабатындағы білім беру кеңістігінде өтеді.