Cinematic Biographies

Дәріс
05.12.2020
Tselinny Temporary

«Кинематографиялық өмірбаяндар» - танымал режиссерлер мен олардың ішкі әлеміне арналған дәріс. Дәріс авторы Әмір Қарақұлов кино данышпандарының қайталанбас шығармашылық стилін қалыптастыратын, олардың режиссерлік көзқарасының мәнін айқындайтын аз ескерілген, бірақ маңызды детальдар туралы сөз қылады. Жанды, жарқын және қызықты оқиғалар сізді ұлы режиссерлердің өмірбаяндарымен таныстырады және олардың өмірінің сезімге толы тұсын сезінуге көмектеседі. 

Әмір Қарақұлов – сценарист, режиссер, продюсер, педагог, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері. 1982-1983 жылдары Қазақ университетінің журналистика факультетінде, 1984-1987 жылдары ВГИК-тің режиссерлік факультетінде (С. Соловьев шеберханасы) оқыды. 1990 жылы Алматы театр-көркемсурет институтының режиссерлік факультетін бітірген. Көптеген халықаралық кинофестивальдің жеңімпазы. «Разлучница» фильмі үшін Барселона кинофестивалінде үздік режиссер атанып, Мәскеу халықаралық кинофестивалінде FIPRESCI сыйлығын алды.

No items found.